Сенбі, 02 мамыр, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2244)
01.05.2026
PDF мұрағаты

Беларусьте зейнеткерлердің «жасына байланысты» қосылатын төлем сомасы артты

02.05.2026

37 0

Фото: БЕЛТА

Беларусь Республикасында 1 мамырдан бастап зейнетақыға «жасқа байланысты» қосымша төлемдердің мөлшері артты. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM

БР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2026 жылғы 1 мамыр мен 31 шілде аралығында бұл төлемдер 2,5%-ға өсіп, 75–79 жас аралығындағы азаматтар үшін 95,56 рубльді құрады, ал I топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 222,97 рубль. 80 жастан асқан азаматтарға (күтімге арналған үстемеақыны қоса алғанда) 191,12 рубль төленеді, ал I топтағы мүгедектігі барлар үшін бұл сома 254,82 рубльге жетті.

Министрліктің мәліметінше, зейнетақыға «жасқа байланысты» қосымша төлемдерді 75 жастан асқан 563 мыңнан астам адам алады. 2026 жылы бұл төлемдерге жұмсалатын шығын шамамен 980 млн рубль болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 мамыр мен 31 шілде аралығында Беларусьта жан басына шаққандағы және негізгі әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша күнкөріс минимумы бюджетінің (БПМ) жаңа мөлшерлері қолданысқа енгізілді.

Жан басына шаққандағы БПМ 509,62 рубль деңгейінде белгіленді, бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,5%-ға жоғары.

Еңбекке қабілетті халық үшін БПМ 554,4 рубльді, зейнеткерлер үшін – 366,59 рубльді құрайды. Ал 3 жасқа дейінгі балалар үшін – 314,1 рубль, 3 пен 6 жас аралығындағылар үшін – 422,66 рубль, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін – 497,59 рубль деңгейінде белгіленген.

Бұл – 2026 жылы БПМ көлемінің екінші рет қайта есептелуі.

Еске сала кетсек, осы айда елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленгенін жаздық. 

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев биыл зейнетақы қайта көтерілмейтінін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: