Құрылтай

Дүйсенбі, 20 шiлде, 02:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53 (2265)
18.07.2026
PDF мұрағаты

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Нью-Йорк мэрінің Нетаньяхуды қамауға алу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды

19.07.2026

92 0

Фото: gpophoto.gov.il

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы елшісі Майк Уолц Нью-Йорк мэрі Зохран Мамданидің Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қыркүйекте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы кезінде тұтқындау туралы мәлімдемесін «таза саяси театр» деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уолцтың айтуынша, АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамайды. Сонымен қатар ол БҰҰ штаб-пәтері туралы келісім мен дипломатиялық иммунитет қағидалары ұйымның іс-шараларына қатысу үшін келетін үкімет басшыларын қорғайтынын атап өтті. Оның сөзінше, федералдық заңнама жергілікті билік органдарының шешімдерінен басым, деп жазды New York Post.

Өз кезегінде Израильдің БҰҰ жанындағы елшісі Дэнни Данон Мамданидің мәлімдемесін сынға алып, Нью-Йорк мэрі сыртқы саясатпен емес, қаладағы өзекті мәселелермен айналысуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, Биньямин Нетаньяху БҰҰ Бас Ассамблеясына келіп, сөз сөйлейді.

Нью-Йорктағы Еврейлердің қоғамдық байланыстар кеңесінің (JCRC-NY) басшысы Марк Трейгер де қала тұрғындары мэрді халықаралық саясатқа араласуы үшін емес, жергілікті мәселелерді шешуі үшін сайлағанын айтты. Оның пікірінше, қала әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрғындар үшін өмір сүрудің қолжетімділігін арттыруға және муниципалдық қызметкерлерді қолдауға басымдық беруі қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: