Сенбі, 23 қараша, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Биік сенің мәртебең, туған елім

22.10.2024

2154 0

25 қазан Республика күніне орай №5 кітапханада «Биік сенің мәртебең, туған елім» атты тарихи кеш өткізді.
Мерекелік шара еліміздің ҚР Әнұранымен ашылды. Кешке Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Асқар Жүсіпов, заңгер Сайлау Әбсадық, №138 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Раушан Мәсәлімқызы арнайы қатысты. Кеш барысында сөз алған қонақтар еліміздің өткені мен бүгінін, тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңіліп, өздерінің жүрекжарды тілектерін жас ұрпаққа жеткізді.
Шараның мақсаты – жас оқырмандарға бақытқа жетер даңғыл жол ол –туған жерін, туған елін, туған тілін және туған Отанын сүюден басталатынын ұғындыру.
Кітапхана оқырмандары Елтаңба, Әнұран, Ту және еліміздің бас қаласы Астана туралы өлеңдерін жатқа оқып, әнші-күйшілер өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ кітапханашы «Биік сенің мәртебең, туған елім» кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады.
.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: