Жастардың бойына діни экстремизмге қарсы иммунитет егу маңызды. Жастардың бойына антиэкстремистік сананы қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру үшін Қызылорда облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Орталықтың теолог мамандары қала орталығындағы арнаулы орта оқу орындары мен мектептерде жеткіншектермен кездесті. Жоспарлы іс-шара М.Ықсанов атындағы техникалық ІТ жоғары колледжінен бастау алып, одан әрі, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде, Қызылорда қызмет көрсету-сервис колледжінде, Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінде, №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде, №6 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің спорт мектебінде жалғасын тапты. Одан бөлек, Абылай хан атындағы №140 орта мектептебінде, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында және Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектепте басқосулар болды.

Кездесу барысында жат діни ағымның алдын алу жолдары, экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастырудың негізі, рухани тәрбие-адамгершілік бастауы екені айтылып, жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында, қатысушы жасөспірімдер жастар арасындағы құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, деструктивті діни ағымдар төңірегінде өз көзқарастарымен бөлісті.
Балауса Сыздықова
Қызылорда облысы дін істері
басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу
орталығы» КММ-нің журналист маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!