Бокстан Қазақстан ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев мемлекет тарапынан берілген сыйақыны қайырымдылық қорына жұмсайды. Бұл туралы боксшы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады.
«Құрметті спорт сүйер қауым! Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Хамитұлының қолдауымен Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімі өтті. Команда капитаны ретінде ұлттық құрама атынан қандай нәтиже болсын бізге қолдау көрсетіп жатқан Кеңес Хамитұлына алғысымды айтқым келеді. Осы орайда мемлекет тарапынан берілген 75,000 $ сыйақыны қайырымдылық қорына жұмсауды жөн көрдім», – деп жазды боксшы.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!