Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада жазушы Ж.Әлмашұлының 65 жасқа толу құрметіне орай «Қарымды қаламгер» атты әдеби портрет №197 мектептің 9 сынып оқушылары қатысуымен өткізілді. Кітапхананың белсенді оқырмандары Ұ.Тұрымбетова, А.Әбдіқалықова және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Мырзағазиева, мектептің кітапханашысы Ғ.Бекжанова және №43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Дербисова «Бесік ұшқан күн», «Ел мен елес», «Қазаққа айттым, қайтемін…», «Оянған ұрпақ» кітаптары туралы ой өрбітіп, кеңінен әңгімеледі.
Жазушы Ж.Әлмашұлы 1957 жылы 14 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылында дүниеге келген. ҚазМу-дың журналистика факультетін, Алматы жоғары партия мектебін қызыл дипломмен бітірген. 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет аппараттарында референт, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1994-2020 жылдарда Республика Үкіметі үкіметтік ресми басылымдарының бас редакторы қызметін атқарды.
Өткен жылдан бастап, «Қалдан-Жәлден» қоғамдық қорының президенті, «Роман-Драма» әдеби журналының бас редакторы. Жолтай Жұмат-Әлмашұлы қазіргі қазақ әдебиетінде өнімді жазатын қаламгерлердің бірі-белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оның қаламынан жиырмаға тарта прозалық шығарма мен отыздан астам драмалық туынды туды. Филология ғылымдарының кандидаты, Бірнеше зерттеу еңбек жазды. Шығармалары шетелдерге танылып, кітаптары Ресейде, Түркия, Әзербайжан, Башқұртстанда басылып шықты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!