Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Роза Бағланованың 100 жылдығына орай ескерткіш орнатылады

18.11.2021

2100 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық жоспардың негізінде облыстық қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарға Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттайтын түрлі форматтағы 266 шара енгізілді. Жоспар бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасына сәйкес «Жасампаздыққа толы жылдар» басты идеясы аясында 12 тақырыптық бағытта іске асырылуда.

Жыл басынан бері облыс бойынша 1369 іс-шара жүзеге асырылды.

Оның ішінде халықаралық деңгейде – 3, республикалық деңгейде – 16, облыстық деңгейде –215, қалалық/аудандық деңгейде – 1132 іс-шара ұйымдастырылды.

Сыр елінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірімізде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде 1522 баланы қамтитын үйірмелерге биыл облыстық бюджеттен 100,1 млн. теңге қаржы бөлінсе, келесі жылы 2150 бала үшін бұл қаржыны 301 млн. теңгеге ұлғайту жоспарлануда.Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты жыршы-жыраулар байқауы өткізілген.

Сонымен қатар, Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы аталып өтіп, Сыр өңірі фольклоры антологиясының І томы «Жанқожа батыр» жарыққа шықты.

Ағымдағы жылдың соңында Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығы аясында Қазалы ауданында ескерткіш орнатылады.

Мұнымен қоса, келесі жылы «Халық қаhарманы» Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Қызылордада ескерткіш орнатылады.

Қызылорда облысында тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мақсатында Бәбіш мола, Жанкент және Сығанақ қалашықтарына қазба жұмыстары жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: