Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесерінде «мұндай кітаптар басқа өңірлерге үлгі болады» деді.
Айта кетсек, бүгін Қызылорда қаласында «Достық» үйінде «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесері өтуде.
Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп және Түркістан облысындағы БАҚ басшылары, қызылордалық қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысуда.
«Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жарық көріп отыр. Бұл еңбектің ерекшелігі сол, Сыр өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының өткені мен бүгінін қызылордалық журналистердің өздері саралап, зерттеп жазып шықты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!