Бейсенбі, 26 желтоқсан, 01:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Сөз маржаны» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті

22.09.2021

1997 0

Бүгін Достық үйінде «Сөз маржаны» жас ақындар мүшәйрасы өтті. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет бөлімі және «Бітім» медиация орталығының ұйытқысымен өткен жыр бәйгесіне қала және ауданнан келген 10 өнерпаз қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы жыр мүшәйрасын ашып, болашағынан үміт күттіретін жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Жас таланттар мүшәйра ережесіне сай екі кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, достық пен татулық, ынтымақ пен бірлікті, ана тілдің қадірі мен еңселі елдің еркіндігін өз жырларына арқау етті. Жырлары арқылы үлкен ой көтерген сөз шеберлеріне деген қошеметте зор болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уайс, ақындар Ғабит Кәдірбай және Ұлықбек Бекұзақұлы мүшәйраға қазылық етіп, жас сөз шеберлерінің өнерін сарапқа салды. Таразылап, нәтижесінде бірінші жүлделі орынды Мейіржан Қартбай, екінші орынды Бексұлтан Санақұл, үшінші орынды Нәзерке Мантай иеленді.

Барлық қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы атынан Алғыс хат берілді. Ал жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: