Қазақ даласына Ислам дінінің енуі шамамен 1250 жылдан астам уақыт бұрын басталды десек, сол уақыттан бастап дін қағидаттарына қарай ұлттық құндылықтар қалыптасып, дінге сыйымсыз сенімдер ығыса бастаса, ислам дінінің де ұлт болмысына, табиғатына қарай тиімді пәтуалары негізге алына бастады. Ислам діні шарттарын негіздеген Мәтуриди мектебі, Яссауи жолдары қалыптастырды. Одан бертін келе ұлы ұлы мектептер шәкірттерін шығарып, қазақ даласына да кеңінен құлаш жайды.
Дін зерттеуші ғалымдар бұл өлкеге ислам келместен бұрын да халық бір тәңірді көкте, ол ешқандай сипатқа ие емес және жаратылған заттар секілді болмаған деп танып келген. Көк тәңірі деп медет сұраған, соған ғана жалбарынған. Жалпы Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.
Бертін келе ұлт болмысына сіңген ислам ұстанымы қалыптасып, кешегі Бұхара айналасындағы мектептерге дейін келіп тірелді. Бұл жердегі дін тарату мектері тек ғана діни ілімді жайып ғана қоймай, өзге де пәндер мен тарих, әдебиет секілді ұлт болмысына қатысты зерттемелерді жасап, осы бағыттағы шәкірттерді де шығарды. Мысалы Тұрмағамбет Ізтілеуов доммолла атағын алып шықты. Оның негізгі пәні әдебиетші болса, Уамық мақсұм тарихшы болған. Яғни, дін тарихын емес ғана емес қазақ даласының тарихын игерген мақсұм.
Бұл мектептерден небір ата, бап, әулие, ахун, ишан атақтарын алып шыққан ғұламалар елге қазақтың дәстүрлі дін көзқарасын қалыптастарды. Сонымен қатар «Көкалташ», «шердор», «Тілліқара» сынды атақты ислам мектерінің қасында өзге де діни теріс көзқарасты қалыптастыратын мектептер болды. Олар исламның ішінде бөлінушілік жасап, бүлік тудыруға тырысты. Қазіргі тілмен айтқанда жат ағым саясатын жүргізді.
Өзге ұлт өкілдерінен дін адамдарын жіберіп, қазақ даласына ылаң да салғысы келген жағдайлар орын алып отырды. Мәселен «татар бар жерде кәтер бар» деген мақалдың қалыптасуы соның бір сипаты. Татар шәкірттер арқылы жаулауды жөн көрді. Алайда, қазақтың рушылдығы оларды ішке денден кіргізбеді. Ал, қазақтың өз баласы болса елдің ішіне діни алуауыздық алып келмейді әрі ұлттық құндылықтарға қарсы шықпайтын еді. Себебі, ұлт құндылықтарының исламға негізделгенін, әдеп пен ғұрып аясында туындағанан, сақтық пен медицина нәтижесінен қалыптасқанан ұғынатын. Ал, өзге ұлттан келген дін таратушылар ол құндылықтардың шығуын білмегендіктен дінге қайшы деп келіспеушіліктер туындатып отырды. Алайда, сол уақыттағы рулық жол, ата ана көзқарасы, ақсақалдар шешімдерінің ықпалы зор болғандықтан бұл бағытта мәселе көп туындамаған болса, діни талас тартыстарда ұлттың болмысы бойынша атақты білім иелеріне ғана жүгіну мәселені мұны ушықтырмай ұстап отырды.
Қазақ даласында зайырлылық көзқарас та өз деңгейінде ұсталды. Намаз оқып, ораза тұтпағандарды кәпірге шығару, діндес бауырлармен бірге жүруге тыйым салу деген түсініктер болған жоқ. Оның дәлелі дін адамдарына деген елдің берген еркін бағасы, не түрлі халық аузындағы әңгімелер, жыршы термешілердің мұрасы. Алайда Алла менің жүрегімде деп исламнан шыққан жоқ. Молдаларға деген құрметтері жоғары болды, садақа, зекет беруде жүрегін Аллаға байлады.
Қазақ даласынан шыққан ғұламалар аз болмады. Хисамадин сынды білім иелеріміз әлемге танылып, исламды таратты. Міне, сондай ғұламалардың алдынан өткен ұлттық болмысымыз жат ағым өкілдері айтып жүргендей адасушылық емес. Егер ұлт құндылықтарының негізін білмей тиісушілік етсе, онда ол білімнен болмайды.
Сәкен Алдашбаев
Қызылорда облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!