Сәрсенбі, 24 қыркүйек, 18:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Ұстаз Арман Қуанышбаев  жазасын өтеушілермен кездесу өткізді

24.09.2025

40 0

ҚАЖ Департаментінің №60 мекемесіне Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, елімізге танымал ұстаз Арман Қуанышбаев келді.  

Сыр өңіріндегі іс-сапары барысында Қызылорда облысындағы түзету мекемесіне тоқтап, жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті. Аталған маман сотталғандарға «Қазақ даласына Исламның келуі» тақырыбында дәріс жүргізді. Айта кетейік ұстаз Қызылорда облысы бойынша Дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында, «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының қолдауымен келген.

Дәріс кезінде А.Қуанышбаев Ислам діні келгенге дейін қазақ даласын мекен еткен тайпалардың ұстанған діндері жайында айтты. Сонымен қатар қазақ даласына Ислам дінінің бейбіт жолмен келгендігін де айтып түсіндірді. Қазақ даласын мекендеген адамдардың ұстанған наным-сенімдері, тұрмыс-тіршілігі, түсініктері Ислам дініне ұқсас болғандықтан Оларға жаңа дінді қабылдау қиынға соқпағандығына тоқталды. Өз кезегінде сотталғандар ұстазға Медреселер жайында сауал жолдады. Жауабында ұстаз Кентау қаласындағы өзі салдырған Құран жаттау медресесі жайында кеңінен сөз етті. Әрі қарай медресеге қабылдану шарттарын айтып түсіндірді. Сотталған азаматтар аталған оқу ордасына қызығушылық танытты

Кездесу соңында сотталған азаматтар жеке қабылдауға жазылды. Ұстазға көкейлерінде жүрген сұрақтарын  айтып, қанағаттанарлық  жауаптарын алды.

Дініміздегі жақсы қасиет пен мінез-құлық туралы анықтамалар, өмірді жақсы жаққа бұру, мейрімділік пен адамгершіліктің мән- мағынасы дәрістерде жиі айтылады. Тоелогиялық оңалту тобының жүйелі жұмысының арқасында жазасын өтеушілер осындай елімізге белгілі ұстаз, имам, Республикалы ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінен тағылымдар алады. Олармен кездесулерге қатысып, дәріс алып, уағыздарын тыңдап, діни сауаттылықтары артады.

Төлеп Рәпіш

ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: