Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

23-сессия: Мәслихатта қандай мәселе қаралды?

26.07.2022

873 0

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 23-сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде 2022-2024 жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санттарының тізбесін айқындау Қағидаларына өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралып, жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы Қызылорда қалалық мәслихатының шешімінің күші жойылды.
Cессия отырысына мәслихат депутаттары, қала әкімі А.Шаменов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Ш.Әбдірахманов, қала әкімінің орынбасарлары А.Қасымова, Ж.Сейілов, Р.Нұрмағамбетов, қалалық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы К.Құрақбаева, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғ.Омаров хабарлама жасады.
Алдағы уақытта сессияда қаралған бюджет жобасына сәйкес, кент және ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламаларынан үнемделген қаржыларына ішінара өзгерістер енгізілуі ескеріліп, қаржылар Тасбөгет кентіне 2 аялдама орнатуға, Бөлкөл кентіндегі Бірлік және Путейцева көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстарына жоба сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге, Қызылжарма ауылдық округіне жол белгілері мен жасанды тегіс емес қондырғыларын қою жұмыстарына, Ақсуат ауылдық округіне 5 дана аялдама орнатуға жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге және жол белгілерінің жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге, Қызылөзек ауылдық округіне демалыс аллеясын салу жұмыстарына қайта бағытталды.
Өз кезегінде депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты ұсыныс пікірлерін білдірді.
Сессия барысында депутаттық бос орынға «Amanat» партиясынан сайланған депутат Тобаева Айнұр Шорабекқызы таныстырылды.
Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев төрағалық етті.

23-сессия: Мәслихатта қандай мәселе қаралды?

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: