Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ерлан Төрәлиев – Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

27.04.2022

866 0

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Төрәлиев тағайындалды.

Ерлан Кәрімбекұлы еңбек жолын Қызылорда қаласындағы «Фармация» акционерлік қоғамының экономист-менеджері болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда облыстық энергетика, құрылыс және тау-кен шаруашылығы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.

Әр жылдары облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, осы салаға жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің су және су бұру басқармасының басшысы, «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін «Ер-Ару» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директоры лауазымын атқарып келді.

© Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: