Жұма, 29 қараша, 07:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар»

07.10.2021

527 0

Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында қамтылған тағы бір тақырып – «Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар». Мұндағы басты мақсат ­– мемлекет пен қоғам арасында сенім қалыптастырып, ашықтық және есептік қағидаттары негізіндегі ынтымақтастықты нығайту. Бұл өз кезегінде Қазақстанның тұрақты да үдемелі дамуына айқын жол ашады.

Осы орайда партия «Жауапты азамат – Жауапты қоғам – Жауапты мемлекет» формуласы негізінде жалпыға бірдей жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынған болатын. Яғни ел дамуы ілгері қадамдауы үшін Nur Otan партиясы қоғамда белсенді, халықтың сөзін сөйлеп жүрген азаматтармен бірігіп жұмыс атқаруды мақсат тұтады. Квазимемлекеттік секторларда қоғамдық кеңестер құрылуда. Құрамында азаматтар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар өз ойларын білдіру арқылы оң шешім шығаруға себепкер болады.

Биліктің ашықтығын қамтамасыз етуге оң септігін тигізіп жатқан өзгерістің бірі – ауыл әкімдерін халықтың сайлауы. Мұнда ауыл тұрғындары өз әкімдерін сайлауға тікелей қатысып, ал сайлауға түсушілер халық алдында есеп беріп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. Нәтижесінде ауылды халық өзі таңдаған, қызметін аянбай атқаратын азамат тағайындалады. Міне, осы кезде ауыл, мемлекет алға қарай қадам жасайтын болады.

2025 жылға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, ақпаратқа қол жеткізу туралы, Қоғамдық кеңестер туралы заңдар қабылданды,  мемлекеттік қызметтердің 80%-нен астамы автоматтандырылды, сот отырыстарының барлық залдары аудио және бейнетіркеу жүйелерімен жарақтандырылды. Бұл орайда партия азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын түбегейлі арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Халық пен биліктің арасын жақындатуда қоғамдық қабылдаулардың тигізетін оң үлесі де зор. Тұрғындардың, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу арқылы талап-тілектерді билікке жеткізіп, ел мен қоғамның дамуына септігін тигізуде.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

Облыстық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: