Жұма, 22 қараша, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

ХХІІІ сессия: Жаңа депутат. Бюджет. Жер салығы…

31.07.2022

980 0

Апта басында қалалық мәслихаттың кезектен тыс 23-сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде 2022-2024 жыл­дарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы қалалық мәслихат шешімінің күші жойылды.

Қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев төрағалық еткен сессия отырысына, қала әкімі А.Шәменов, мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ш.Әбдірахманов, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғанибек Омаров баяндама жасады.

Алдағы уақытта сессияда қаралған бюджет жобасына сәйкес, кент және ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламаларынан үнемделген қаржыларына ішінара өзгерістер енгізілуі ескеріліп, қаржылар Тасбөгет кентіне 2 аялдама орнатуға,  Бөлкөл кентіндегі Бірлік және Путейцева көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге, Қызылжарма ауылдық округіне жол белгілері мен жасанды тегіс емес қондырғыларын қою жұмыстарына, Ақсуат ауылдық округіне 5 аялдама орнатуға жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге және жол белгілерінің жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге, Қызылөзек ауылдық округіне демалыс аллеясын салу жұмыстарына қайта бағытталды.

Сессияда барысында депутаттық бос орынға «Amanat» партиясынан сайланған депутат Айнұр Тобаева таныстырылды.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: