Сурет: скриншот
Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов журналист Асхат Ниязовқа өзінің әкімдіктегі кабинетін көрсетті. Түсірілім барысында әкімнің демалыс бөлмесіндегі тоңазытқыштан тілші ащы судың бөтелкесін байқап қалды.
Видеода Алпысбай Қайыржанов әкімдік ішін таныстырып жүр. Бірақ тоңазытқышты ашқанда ащы су байқалды.
«Жоқ, дұрыс түсінбедіңіздер. Бұл бос шөлмек», – деп ақталды әкім бейнежазбада. Оның бұл жауабына тілші «Бос болса, алып көрсетіңізші», – деп бірнеше рет сұрағанмен әкім өз жауабын қайталап, бөтелкенің бос екенін алға тартады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!