Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Күзде кадрлық ауыс-түйіс болады: Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жұмысын «орташа» деп бағалады

14.07.2022

537 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің жұмысын орташа деп бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жалпы, үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылап.

Президент министрлер кабинетін жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдануға шақырды. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол күзге қарай кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті», – деп қорытындылады Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: