Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қазақша стиль»: жекпе-жек жақын

14.05.2022

1284 0

Кәсіпқой бокс саласында Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген тағы бір саңлағымыз Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында «Он күн қалды» деген жазба қалдырды. Бұл − оның 21 мамырда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне байланысты жарияланған жазбасы. Осы орайда қалың жұртқа «Қазақша стиль» атымен танымал Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек алдындағы жаңалықтарын ұсынуды жөн көрдік.

21 мамырда Лас-Вегаста қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша уақытша чемпион атағы үшін бұған дейін жеңілмеген британдық спортшы Дэнни Дигнуммен (14-0-1) жекпе-жек өткізеді. Өз кәсіпқой бокс карьерасында Жәнібек 11 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмегенін айта кеткен жөн.

Ал оның қарсыласы Дэнни Дигнумның промоутері желідегі жазбасында Дэнни жекпе-жекке аттанғанын жазды. «Дэнни Дигнум Лас-Вегаста 21 мамырда өтетін жекпе-жегіне аттанды. Арман деген не? Ол бұрын-соңды болған ең жақсы физикалық және ақыл-ой формасы», − делінген промоутер жазбасында.

Естеріңізге сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы дебютін 23 жасында өткізді. 2016 жылы 29 қазанда Милтон Нуньеспен қолғап түйістіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: