Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Құрылыс саласында қарқын төмен

16.03.2022

676 0

Құрылыс материалдарының бағасы күн санап көтеріліп барады. Мұның себебі қажеттінің бәрі сырттан тасымалданатындығымен, оны жеткізудегі шығынның көптігімен байланыстырылады. Дегенмен, қазіргі таңда өз елімізде шығарылатын цемент, қиыршық тас пен құмның құны да көтерілуде.


Экономиканың қай саласы да бір-бірімен байланысып жатыр. Әрқайсысын жеке дара ажыратып қарау тіпті мүмкін емес. Нарықтық экономика жағдайында бір проблеманың себебін бір саладан іздеу одан әрі қиындай түседі. Әр сәт бағасы аспандап, отандық баспана нарығына да зардабын тигізіп тұратын бір түйткіл – құрылыс материалдарының қымбаттауы.


Бүгін осы мақсатта ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М. Бақтиярұлы мен А. Әлназарова және облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов қалалық мәслихатта облыстағы құрылысшылармен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелер мен құрылыс материалдарының қымбаттауы туралы ой-пікір алмасып, жан-жақты талқылады.


Қызылорда облысы бойынша Қазақстан құрылысшылар Одағының төрағасы М. Еспенбетовтың айтуынша бүгінде құрылыс материалдары  орта есеппен 100% пайызға қымбаттаған.
Осыған орай алдағы уақытта тұрғын үй нарығында баға өзгеруі мүмкін. Себебі қандай нысанның болмасын, кем дегенде 50% пайызы құрылыс материалдарынан тұратыны анық. Мәселен, жаңа тұрғын үйдегі 3 бөлмелі пәтердің құны бұрын 9-10 млн болса енді 12-13 миллионға дейін қымбаттайды. Өйткені құрылысқа қажетті тауарлар құны биыл шектен тыс қымбаттап, құрылыс компаниялары шығынға ұшыраған. Былтырғы жылы тоннасы 17 мың теңге тұратын Шиеліден шығатын цемент қазір 31-35 мыңға дейін көтерілді. Бұдан бөлек Қызылордадан шығатын қыштың өзі былтыр 40 теңгеден болса, биыл 70 теңгеге дейін көтерілген. Арматура 220000-454000-ға дейін көтерілді.

Дәл қазір облыста құрылысқа қажетті тауар өндіретін 50-ге жуық кәсіпорын бар. Бірақ құрылысқа қажетті пластик құбыр, шатыр жабындысын шығаратын кәсіпорындар жоқ. Алғашқы 4 айда құрылыстағы жергілікті өнімнің үлесі бар болғаны 69%-ды құраған, қалғаны сырттан тасымалданған.


Одан бөлек, кездесуде құрылысшылар тарапынан тендер мәселесі, кадрлардың жетіспеушілігі, жеке үй салу мәселесіндегі инвестиция салу туралы да мәселелер көтерілді.

Жиын соңында, Парламент депутаттары талқыланған мәселелердің өзекті екендігін айтып, алдағы уақытта құрылыс мәселесіне байланысты Парламенттік тыңдау өткізілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ аталған кей мәселелерді шешу жолында депутаттық сауалмен Үкіметке жіберу туралы да ойымен бөлісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: