Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Референдумда қанша қазақстандық дауыс береді?

17.09.2024

255 0

фото tengrinews.kz

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша өтетін референдумда қанша қазақстандық дауыс беретінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің өкілдері ұсынған мәліметтері мен есептеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар республика бойынша тізімге 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді», – деді Сәбила Мұстафина.

Ол нақты қанша бюллетень дайындалатынына тоқталды.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның нормасымен дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскедегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен учаскелік референдум комиссияларына жеткізілетіні белгіленген. Демек, 12 миллион 367 мың – 138 дана дауыс беруге арналған бюллетень дайындалуы керек.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның нормасында дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларында дауыс беруге 3 күн бұрын, кемінде 1 күн бұрын жеткізілетіні белгіленген», – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: