Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Қызылорда қаласы тұрғындары да саяси науқанға белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға кірісті. Шаһардағы кезекті №264 сайлау учаскесінде халық таңертеңнен үзілмей, дауыс беру жалғасуда.
– Сағат таңғы 7.00-ге дейін бақылаушыларды түгендеу, жәшіктерді бекіту, сайлау бюллетеньдерін тарату жұмысы жүрсе, одан кейін мемлекет әнұраны орындалып, тұрғындар дауыс беруді бастады. Сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Мысалы, сағат 10.00-ге дейін 200-ден астам азамат келіп, өз таңдауын жасап үлгерді. Оған қоса, сайлау учаскесіне келген алғашқы сайлаушы мен 80-нен асқан қарт анаға арнайы сыйлық үлестірдік, – дейді №264 сайлау учаскесінің төрағасы Бек Турмурзаев .
Қазіргі таңда аталған сайлау учаскесінде 11 адам қызмет көрсетсе, әртүрлі қоғамдық бірлестік мүшелері мен тәуелсіз белсенділер бақылау жүргізуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!