Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үш жылдық бюджет: қалада не атқарылмақ?

25.12.2021

1247 0

Осы аптада қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселеде 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет қамтылды. Бұл бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова баяндады.

– Қалалық бюджет 2022 жылға төмендегідей көлемде бекітілсін. Яғни кірістер – 50315214,8 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер – 8992578 мың теңге, – деп әр салаға жеке-жеке тоқталды. Оған қоса кент және ауылдық округтер бюджеттеріне қалалық бюджет қаражаты есебінен 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінуі қала әкімдігінің қаулысы негізінде қаражат бөлу қарастырылады. Олар жалақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын ұлғайтуға, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, абаттандыру және көгалдандыруға, сондай-ақ автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге жұмсалады, – деді қалалың бас экономисі. Бөлім басшысының баяндауынша, келер жылы да атқарылатын жұмыс аз емес.

– Келер жылдың 1 қантарынан бастап ең төменгі жалақы 42500-ден 60000 теңгеге көбеюіне байланысты қоғамдық жұмыстарға 159516 мың теңге қосымша қаржы қаралды. Мамандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыруға және «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру жөніндегі операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеуге біршама қаржы жоспарлануда, – деді қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы.

Қаржы бөлуде газдандыру мәселесі назардан тыс қалмады.

– 2022 жылы барлығы 2438604 мың теңге, оның ішінде «шыны зауытынан АГТС-1-ГГТП-1 және ГГТП-2-ГТП-Наурыз, Махамбет газ құбырына дейін 1,2 МПА жоғары қысымды газ құбырын және Қызылорда облысы Махамбет және Наурыз кенттерінің ішкі орамды газ құбырын салу» жобасына ұлттық қордан 2000000 мың теңге және облыстық бюджеттен нысаналы трансферт арқылы қоса қаржыландыруға 438 604 мың теңге жоспарлануда, – деп атап өтті Г.Баймаханова. Жалпы келер жылдан бастап, бөлінген қаражат көзіне қарай қала және оған қарасты елді мекендерді түрлі бағыт бойынша ауқымды тірлік күтіп тұр. Оның ішінде ауыз су жүргізу, көгілдір отынға қосу, жарықтандыру, көшелерді жөндеу секілді жобалар бар.

Сессия отырысында қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, бірқатар депутаттар марапат төрінен көрінді. Сонымен қатар қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстың қоғамдық рейтингісінің қорытындысы бойынша Белкөл кенті, Ақжарма және Қосшыңырау ауылдарының әкімдері арнайы номинацияға ие болды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық мәслихаттың биылғы атқарған жұмыстары сараланды. Бұл жайында мәслихат хатшысы И.Құттықожаев толығырақ тоқталып, жыл ішіндегі жұмыс барысы слайд арқылы көрсетілді.

– Өңіріміздің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер мәслихат сессияларында қаралды. Жыл басынан бері VII шақырылған қалалық мәслихаттың 15 сессиясы өткізілді. Оның 4-уі кезекті, 11-і кезектен тыс. Сессияларда 90-нан аса шешім қабылданды. Қабылданған шешімдер уақытылы Әділет органдарына және тиісті орындарға жолданды.

Сессияда қаралған қала аумағындағы жолаушы тасымалын ұйымдастыру мәселесі бойынша қоғамдық көліктердің жаңа жол сызбасын тездетіп аяқтау, қолдауды қажет ететін жеке меншіктегі әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарына субсидия беру мәселесі қамтылды. Осы мәселеге орай жақында өткен облыстық мәслихат сессиясында «2022-2024 жылдары субцидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін анықтау» туралы шешім қабылданып, алдағы уақытта жеке меншіктегі әлеуметтік маңызы бар бағыттарға субцидия қаралатын болады, – деді қалалық мәслихат хатшысы.

Экономиканың әлеуетін арттыратын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың маңызы зор. Бұл мәселені сессияда қарау барысында депутаттар тарапынан айтылған, қала бойынша тігін, тамақ өнімдері, жиһаз шығару бағытындағы өндіріс орындарын ашу, пандемия салдарынан зардап шеккен базарлар, сауда-саттық, қоғамдық

тамақтану орындары мен мейрамханалар саласын оңалту шараларын жүргізуге қатысты қабылданған сессия ше-шімдерінің орындалуы жоспарға сәйкес тұрақты комиссия отырыстарында назардан тыс қалмады.

Кезекті сессияда қаралған тағы бір өзекті мәселе – агроөнеркәсіп кешенін дамыту жағдайы.

– Сыр өңіріндегі Ыбырай Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғылыми потенциялын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға кеңінен пайдалану қажет. Ол үшін ҒЗИ-дың материалдық-техникалық базасын нығайтып, ғалымдарға қолдау көрсетілуі тиіс. Бұл бағытта облыс әкімдігіне жазылған хатқа орай Ыбырай Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына» қарасты ғылыми мекеме болуына орай зерттеу институтының материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейтіндігі белгілі болды. Бірақ бұл мәселе мәслихат депутаттарының назарында болады, – деді И.Құттықожаев.

Есепті мерзім ішінде қалалық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың 22 отырысы өткізіліп, күн тәрбінде қаралған 40-қа жуық мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдар назарына тұрақты комиссия қаулысымен 138 ұсыныс берілді. Сессия қарсаңында тұрақты комиссиялардың жеке және бірлескен отырыстары өткізіліп, сессияның күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыладық. Тиісті қаулы қабылданады.

Осы ретте қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 14 желтоқсандағы 72 сессиясында бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне биыл 6 рет нақтыланып, 4 рет түзету енгізілді. Нақтылаулардың нәтижесінде 2021 жылға арналған қалалық бекітілген бюджет 52 млрд теңгеден нақтыланған бюджетте 64,2 млрд теңгеге дейін яғни 12,2 млрд теңгеге арттырылды.

– Оған қоса қаланың «Даму» бағдарламасы мен алдағы міндеттері талқыланды. Соған сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерге ұсынылған 21,2 млрд теңгеге 49 жобаның барлығы коммуналдық саланы ілгерілетуге, шаһарды абаттандыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Солардың қатарында депутаттық корпус тарапынан көтеріліп жүрген қоғамдық көлік қатынасы, ауыз су және аяқ судың үздіксіз берілуі және тазалық жұмыстарының үйлестірілуі бар. Аталған бағдарлама аясында депутаттардың ұсыныстары ескеріліп, өзекті мәселелерге қажетті қаржылар бөлінуі жоспарлануда, – деді мәслихат хатшысы.

Тілші түйіні: Депутаттық мінберден көрінген биылғы сайланған жаңа депутаттар да сессия отырысында өз ұсыныстарын ортаға салды. Жалпы олар тарапынан белсенділік байқалды. Жылды жақсы аяқтаған халық қалаулылары келер жылы да өз сайлаушылары арасында қарқынды жұмыс істемек.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: