Сейсенбі, 23 сәуiр, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Утилизациялық төлем: Мемлекетке 180 млрд теңге қайтарылды

16.07.2022

532 0

Утилизация мәселесі елімізде жыл сайын көтеріліп, автокөлік жүргізушілері біраз наразылығын айтатын. Мәселен, утиль­дік алымның көптігі және оған тиісті шара қолдану жөнінде талаптар қойылды. Деген­мен мінберде көтерілген жайт халықтың проблемасын шешпеді. Себебі қомақты қаржы мемлекетке емес, жеке біреудің қал­тасына пайда әкелетін.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев утилизациялық алымның қажеттілі­гі туралы қоғамда талқыланып жатырған мәселеге нүкте қойды. 

– Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Опе­ратор РОП» компаниясының қызметі көп­теген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияғы қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке «Оператор РОП»-тың утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айна­лысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы керек, – деді Президент.

Сонымен қатар Президент автокөлік өнер­кәсібі мен ауыл шаруашылығы машина­ларын құрастыру мемлекет функциясы екенін, бұл мәселені бизнеспен және қоғам­мен конс­труктивті түрде талқылау керек екенін айтты.

Мемлекет басшысының қоғамдағы ерек­­ше мәселеге басымдық бергені халық көңі­лінен шықты. Осы тапсырма аясында Президент қазақстандықтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ути­лизациялық алымның көлемін қайта қарауға шақырып, елдегі утилизациялық алым мәселесіне уақытылы назар аударды. Жаһандық өткізгіш тапшылығы жағдайында Қазақстандағы автосалондарда жаңа авто­мобиль жеткіліксіз. Енді азаматтарда ше­телдерден автокөлікті бәсекелі бағамен сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ утилизациялық алымды жеке компаниядан мемлекеттік ұйымның қарамағына беру алымдардың ашықтығын арттыруға және халықтың мемлекеттің утилизация саясатына деген сенімін нығайтуға ықпал ететінін атап өткен жөн.

МЕМЛЕКЕТКЕ 180 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда кәдеге жарату төлемдерін жинайтын мемлекеттік оператор құрылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

– Кәдеге жарату төлемдеріне қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмаларын орындау үшін келесідей жұмыстар жүзеге асырылады. «Оператор РОП» ЖШС ҚР Экология кодексінің 387-бабына сәйкес 2015 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылды. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңде кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат көлемі 691,9 млрд теңгені құрады. Алынған қаражат ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмсалды. Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 млрд теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төлеген қаражаттары қайтарылды. Экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд, салықтарға 49,1 млрд теңге жұмсалды. Бүгінгі таңда қаражат қалдығы екінші деңгейлі банктерде 220,6 млрд теңгені құрайды, – деді ол.

Соңғы деректерге сүйенсек, утилизациялық алымды ескі тариф бойынша төлеген азаматтарға 250 млн теңгеден аса ақша қайтарылды. «Жасыл даму» өкілдерінің айтуына қарай, 14 мамырдан бастап оператор ескі тариф бойынша төлем жасаған тұрғындардың ақшасын қайта есептеп, қалған соманы қайтарып берген. КСМ Бұған дейін азаматтар ел шекарасынан өткен көліктер үшін мамырдың ортасына дейін ескі тарифпен төлем жасауға шағымданған. Кейін «Жасыл даму» операторы утилизациялық алымға артық ақша төлеген адамдардың қаржысын қайта есептеп берді. Тариф 14 мамырдан бастап төмендеген. Ол көлік қозғалтқышының көлеміне қарай есептеледі. 

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология министрлігі мен «ӨКМ Операторының» лауазымды тұлғалары 180 млрд теңгені жымқырмақ болғанын мәлім етті. «Оператор РОП бойынша 180 млрд теңгеден астам қаржының ұрлануының алдын алып, мемлекетке толық қайтарылып, әлеуметтік мақсатта жұмсалып жатыр» – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.

Утилизациялық алым көлік бағасына әсер ете ме? Осы сұрақ көптің көкейінде болғаны рас. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев утилизациялық алымның өзгеруі автокөлік бағасына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты.

 – Расында, кәдеге жарату алымдарын шегерсе автокөлік бағасы төмендейтін шығар дегенді естіп жүрміз. Енді статистикаға зер салсақ, елімізден шыққан автокөліктерге ешқандай утилизациялық алым төленбейтіні мәлім.  Өткен жылы 105 043 жеңіл автокөлік тіркелсе, 64 пайызы отандық өнім болғандықтан утилизациялық алым төленбеді.  Трактордың 89 пайызы, комбайндардың 88 пайызы, автобустардың 74 пайызы өз еліміздікі екені рас. Осыған қарап-ақ бәрін бағамдауға болады. Дұрысы, баға өзгермейді,  – деді министр.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: