Дүйсенбі, 25 қараша, 10:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

800 баланың қуанышы

13.12.2021

1192 0

Ел тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында облыс орталығында жаңа спорт кешені ашылды. Спорт кешенін ашу шарасына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, облыс әкімі  Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

«Naman ata» жаңа  спорт кешенінің лента­сын аймақ басшысымен бірге ауыр ат­летикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қиды. Әрі қарай спорттық нысанды салуға қолдау білдірген «Абай-Дәулет» ЖШС басшысы Мұрат Сәрсенбаев делегаттарға нысанның және «Syr Dami» спорт-кафесінің жұмысымен таныстырып, алдағы уақытта кешен аумағынан салынатын жобалар туралы баяндады.

Нысан құрылысы 2020-2023 жылдарға жоспарланған. Оның алғашқысы «Мерей» мен «Ақмешіт» шағын аудандарындағы спорт­пен айналысуға ниетті балалар мен жас­өспірімдерге арналған.  2023 жылдың соңына дейін бассейн мен жатақхана құрылысы пайдалануға беріледі.

Ал жаңадан ашылған спорт кешенінде 19 азамат жұмысқа орналасқан. Мұнда 800 жас­өсіпірімді 8 жаттықтырушы спорттың 10 түрі бойынша дайындайды. Оның ішінде қазақ күресі, дзюдо, самбо, таеквондо, бокс, грек-рим күресі, каратэ, грэпплинг, панкратион, муай-тай түрлері бойынша секциялар бар.

– Биыл біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында тұрмыз. Аталған уақыт аралығында барлық салада үлкен табыстарға қол жеткізілді. Мұндай жарқын көріністер спорт саласында да байқалды. Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барша қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұс­тануға шақырды. Кәсіби деңгейде спорттың дамуына айрықша көңіл бөлінді. Біздің спорт­шылар халықаралық, әлемдік деңгейде үздіктер сапынан табылды. Олардың қатарында Сыр өңірінің талантты өрендері бар. Атап айтқанда, ауыр атлетикадан төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева еліміздің мақтаныш тұтатын саңлақтарына айналды, – деді Мәулен Әшімбаев.

Спорт кешенінің құрылтайшысы Мұрат Сәрсенбаевтың айтуынша, Тәуелсіздік жыл­дарында елімізде спорттық инфрақұрылым нысандарының саны үш есеге, ал дене шы­нықтыру және спортпен тұрақты шұғыл­данушылар алты есеге артқан. Облыста биыл 2200-ге жуық баланы спортпен дамуына жағдай жасау үшін мемлекеттік тапсырыс негізінде 212 млн теңге бөлінген болатын. Енді келер жылы 4300-ден аса баланың спортпен шұғылдануы үшін қажетті жағдай жасауға қаржы көлемі 638 млн теңгеге ұлғайтылмақ.

А.Бердібайұлы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: