Бейсенбі, 26 ақпан, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Дәстүрлі дода байрағын көтерді

26.02.2026

43 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Халық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2006-2008 жылы туылған жастар арасындағы дәстүрлі республикалық турнир биыл 14-ші рет өткізілуде.

Бүгін жарыстың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов спортшыларға сәттілік тіледі.

-Бұл бәсеке – темір қанат түлектер үшін жеңістің баспалдағы. Өйткені осы додадан жеңімпаз атанғандар Азия мен Әлемді мойындатып, көк туымызды желбіретуде. Сондықтан турнирге қатысушы спортшыларымызға тек жеңіс тілейміз, – деді Ділмұхамед Мінуәрбекұлы.

Турнирге еліміздің әр өңірінен келген 9 команда, 200 спортшы қатысуда. Спортшыларды қолдауға арнайы Қажымұқан Мұңайтпасұлының немересі Нұрлан Айдарұлы келді.

Айта кету керек, жеңімпаздарға ҚР-ның спорт шеберіне кандидат атағы беріледі. Сондай ақ, қала әкімінің арнайы дипломдары мен медальдары және қаржылай сыйақылары табысталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: