Жұма, 26 сәуiр, 12:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын қабылдауы мүмкін

26.05.2023

866 0

Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатын қабылдауы мүмкін. Ұлттық федерация 2027 жылы элиталық топтағы мықтылардың бәсекесін ұйымдастыруға ниет білдірді. Биылғы біріншілікті Финляндия мен Латвия өткізіп жатыр. Суоми елінің астанасында халықаралық хоккей федерациясының конгресі басталды. Жиында Қазақстанның өтініші қаралады. 2027-ші жылғы чемпионатты қабылдаудан Германия да дәмелі. Дауыс беру бүгін өтеді. Еліміздің ұсынысын қолдау мақсатында Тампере қаласында Қазақстандық жанкүйерлер ең үлкен көк туды желбіретті. Бұған дейін 800 шаршы метрді құрайтын ұлттық рәміз Рига қаласында да жайылған еді. Егер Қазақстан басым дауыс жинаса, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты тұңғыш рет Азия құрлығында өтеді. Ал қазір мұз айдындағы бәсекелер қызып тұр. Германия Швейцариядан 3:1 есебімен басым түсіп жартылай финалға шықты. Жарыс қожайыны Латвия да алғаш рет үздік төрттіктің қатарына қосылды. Олар Швецияның осал тұсын тапты. Енді Латвия Канадамен финалдық жолдамаға таласады. АҚШ хоккейшілері де жартылай финалға өтті. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: