Жексенбі, 24 қараша, 07:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді

17.08.2022

1324 0

16-18 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Эйс» спорт кешенінде мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміз өңірлерінен 12, 14, 16 жасқа дейінгілер, 16-дан жоғары жасөспірімдер және ерлер мен әйелдер қатысады. Олар жекелей және жұптық сында бәсекеге түседі.

Қатысушылар санаттарына қарай «Standart» және «Quads» топтарына бөлінеді.

Қазақстан чемпионаты екі кезеңге созылады. Бірінші кезеңде ойыншылар айналма жүйе бойынша сынға түседі. Сосын жартылай финал және финалдық бәсекелер болады. Екі сеттен тұратын матчта есеп 4:4 болған жағдайда тай-брейкке ұласады.

«Биылдан бастап Қазақстан теннис федерациясы арбадағы және адаптивтік теннисті кеңінен дамытуды қолға алды. Мұның болашағы зор. Ел чемпионатын өткізудегі негізгі мақсат – балалар мен ересектерді адаптивтік және паралимпиалық тенниспен айналысуға көбірек тарту, сондай-ақ ұлттық құрама жасақтау үшін мықтыларды анықтау», деді федерацияның спортты дамыту жөніндегі атқарушы директоры Дэйв Майли.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Цинциннати турнирінде ұтылып қалғанын, Дэвис кубогінде Қазақстанмен ойнайтын командалардың құрамы анықталғанын жазған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: