Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қос жүлде қоржында

28.03.2023

1233 0

Тбилисиде дзюдодан «Grand Slam» жарысы өтуде. Бұл жарыста Сыр өңірінің спортшылары да бақ сынауда. Бүгінде Сыр саңлақтары қоржынға қос медаль салды.

Жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы айналымда Кипр балуанын иппонмен жеңсе, екінші айналымда өзбек балуанын екі ваза ари ұпайымен қапы қалдырды. Ширек финалда Грузияның жас жұлдызы Георги Шардалашвилиге есе жіберіп, жұбаныш белдесуде күресті. Жұбаныш белдесуде Португалиялық Лопец Родрига Костаны ваза аримен жеңіп, қола медаль үшін күресуге алған мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Жарыстың екін­ші күнінде 81 келі салмақта сынға түс­кен Абылайхан Жұбаназар күміс жүлдегер атанды. Алғашқы бел­десуінде Канада балуаны Элнахасты иппонмен жеңіп, екінші айналымда Польша балуанын 2 ваза аримен қапы қалдырды. Ширек финалда Молдавалық Виктор Стерпуді, жартылай финалда жарыс қожайынымен белдесіп финалға шықты. Ақтық мәреде Аустрияның намысын қорғайтын балуан Вахид Борчашвилидің бәсі жоғары болып, Абылайхан күміс жүлде еншіледі.

Қос жүлде қоржында

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: