Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Токио Паралимпиадасы: Алғашқы алтын қоржында

28.08.2021

1327 0

24 тамызда Токиода 2020 жылғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Мұнда Қазақстан Республикасының атынан сайысқа түсетін таэквондошы Нұрлан Домбаев пен ауыр атлетші аруымыз Раушан Қойшыбаева ту ұстап өтті.

Токио-2021 паралимпиада ойындарына 165 елден келген 4400-ге жуық спортшы қатысады. Елдегі эпиадахуалға байланысты жарыстар көрермен қатысуынсыз өтеді. Себебі соңғы уақытта Жапонияда күніне 25 мың адамнан коронавирус анықталуда. Тіпті Паралимпидаға қатысушылар арасында да коронавирустық инфекция анықталғандар бар.

Жалпы паралимпиада ойындарына Қазақстан атынан ел тарихында алғаш рет 25 спортшы бақ сынамақ. Олар жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, ескек есу, таэквондо, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінен жүлделі орындарға таласады.

Қатысушылар қатарында жүзуден паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина, Рио паралимпиадасының күміс жүлдегері, ауыр атлет Раушан Қойшыбаева бар. Негізінен бұған дейін Риодағы паралимпиада ойындарында Қазақстан 1 алтын және 1 күміс медальмен жалпы есепте 58 орын алған болатын.

Токио Паралимпиадасы: Алғашқы алтын қоржында

Қазақстан құрама командасының қоржынында әзірге 1 алтын медаль 1 күміс медаль бар. Жеңімпаздың бірі – 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Давид Дегтярев. Бұл спортпен 2016 жылдан бері айналысатын Давид жарыста 174 келіні бағындырып, І орын иегері атанды.

Токио Паралимпиадасы: Алғашқы алтын қоржында

Сондай-ақ паралимпиада тарихында Қазақстан алғаш рет дзюдодан медаль иеленді. Қазақстандық пара дзюдошы финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге қарсы тартысты бәсеке көрсетіп, вазари есебімен теңесіп келе жатқан болатын. Алайда сайыстың бітуіне 30 секунд қалғанда әзірбайжандық палуан тағы бір вазари ұпайын алып, таза жеңіске жетті. Осылайша Әнуар Сариев Токио паралимпиадасының күміс жүлдегері болды. Одан бөлек, әйелдер арасында 100 м қашықтыққа жүгіру бойынша іріктеу кезеңінде Салтанат Әбілқасымқызы тиісті қашықтықты 16,54 секундта бағындырып, жалпы есепте 9-орынға тұрақтады. Осылайша ол жарыстың финалдық бәсекесіне шыға алмады. Ал пара жүзуден бақ сынап жатқан Алия Рахымбекова 100 метр қашықтыққа жүзудің финалында өнер көрсету құқығына ие болды.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: