Сенбі, 21 желтоқсан, 18:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

10 минутта дайындалатын пицца

07.01.2023

551 0

Бұл пиццаны дайындауға он-ақ минутыңыз кетеді. Ал пісіруге – 12 минут. Қажетті ингредиенттер асүйіңізден табылса, тойымды сенбілік тіскебасар дайындасаңыз болады.

Қамырына:

  • 450 г ұн
  • 2 ас қасық зәйтүн майы, пиццаға жағу үшін тағы керек болады
  • 350 мл жылы су
  • тұз
  • ашытқы

Салмасына:

  • 5 ас қасық  ащы томат соусы,  немесе 100 мл  кәдімгі томат соусы мен ұсақталған сарымсақты араластырыңыз
  • 8 қызанақ
  • Ірімшік (сыр) немесе  пармезан ірімшігін (сыр) үгітіп алу

Дайындалуы:

Қамырын дайындау үшін 450 грамм  ұнға 2 шай қасық тұз, ашытқы қосу қажет. Ал май мен суды бөлек  ыдысқа дайындап аласыз, содан кейін ұнның үстінен аздап құйып, ағаш қасықпен, араластырып тұрыңыз. Қамырыңыз тым сұйық болып кетпесін. Араластырып болғанан соң 15 минут уақыттай қамыр тұра тұрсын. Сосын барып дастарханға кішкене ұн сеуіп, қолыңызға да аздап ұн жағып алыңыз да  қамырды 2  минуттай илеңіз. Қамырыңыз жабысқақ болмауы керек, жұмсақтау қылыңыз.

Қамыр көтерілуі үшін қайтадан ыдысқа салып, бетін жауып қойыңыз немесе ертең әзірлейтін болсаңыз, осы қалпында түні бойы тоңазытқышта тұрсын.

Енді барлығы дайын болғанда 220-240 градусқа пешті қызыдырып, жоғарғы қабатына табаны қойып қойыңыз. Содан кейін дастарарханға ұн сеуіп алыңыз. Қамырды 8-ге бөліп, әрбіреуін ұнда илеп аласыз. Соусты бір қабат етіп жағып, туралған қызанақ қосып, үстінен үгітілген ірімшік (сыр) немесе пармезан сеуіп шығыңыз. Пиццаны қаңылтыр табаға салып, пештің жоғарғы қабатына қойыңыз. 12 минуттан кейін немесе қызарғаннан соң кішкене зәйтүн майын тамызып жіберсеңіз  дәмі ерекше  болады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: