Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

2021-де қой жылы туғандар көп қаржыға кенеледі

25.03.2021

2368 0

Қой
Тұйық әрі керітартпа мінезіңізді Сиыр жылы ұната бермейді. Сіз өмір қандай болса, солай қабылдап үйренгенсіз. Өзгелерге қолдау көрсетуге асықпайсыз, тіпті ыңтаңыз да жоқ. Дегенмен сіздің шынайлығыңыз, жайдары мінезіңіз бен таланттылығыңыз барлығын өзгертеді. Егер осы жыл сізге табысты болғанын қаласаңыз, өзгеріңіз. Материалдық байлығыңыз асып-тасып жатпаса да, жоқ-жітіктерге көмектесіңіз, қиналған жанға демеу болыңыз. Сиыр жылы сіздің өзгергеніңізді қалайды.
Денсаулық
Көктемде салқын тиіп тұмауратуыңыз бек мүмкін. Жылы киініп жүріңіз. Уақытылы тамақтанып, денсаулығыңызды күтіңіз. Себебі тұмау жұқтырсаңыз, көпке дейін аурудан көз ашпай қалуыңыз ықтимал. Жұлдыздар 2021 жылы денсаулықты бірінші орынға қоюға кеңес береді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз сізге қарата айтылғандай.
Қаржы
Биыл көп қаржыға кенелесіз. Бірақ оны пайдалана білген жөн. Алаңдамаңыз, қаржылық жағынан қиындық болмайды. Кәсіпкерлік саласында біліктілік танытсаңыз, табыс табуға үлкен жол ашады. Және тәжірибе жинақтайсыз. Қайырымдылықпен айналысқан тиімді болмақ. Себебі доңыз жылы маңызды жобаны қолға аласыз. Жұлдыздар 2021 жыл бітпей тұрып, жаңа істі қолға алып, бастап кетуге кеңес береді. Кәсіпкерлікпен айналыспайтындар жұмысына жауапкершілікпен қараған жөн. Өйткені айлық табыс өсіп немесе жаңа қызметке ауысуыңыз ықтимал. Сізге жаңа жобамен жұмыс істеу сәттілік әкеледі. Бұл жыл ерекше естеліктерімен есіңізде қалады.
Мансап
Сіздің айналаңызда жұмысына жауапты, білімді, іскер жандар бар. Кейбірі сіздің қызметіңізге көз тігуде. Дос пен дұшпанды ажырата біліңіз. Тынбай жұмыс істеп, еңбектенген адамдарға Сиыр жылы табысты болмақ. Сізге қабілетіңізді көрсететін кез келді. Сабырлы болыңыз. Бастаған істі жалғастырсаңыз, ақшаның астында қаласыз.
Махаббат
Өзіңізге көп көңіл бөлген жөн. Ғашығыңызды құрметтеңіз. Сізге сезімін білдіргісі келген жандар жетерлік. Сізді бақытты еткісі келетін адамды таңдаңыз. Жақыңдарыңыздың көмегіне мұқтаж болмайсыз. Дегенмен оларға да қолдау білдіріңіз. Қой жылы туғандар жеке өмірде аса белсенділік танытады. Ол өзіне көп назар аударғанды жақсы көреді. Алайда жұлдыздар жарды таңдау кезінде тыныш отбасылық өмірді, жайлылықты қамтамасыз ететін адамдарға мән беру керек деп кеңес береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: