Жұма, 27 желтоқсан, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

2021-де жылқы жылы дүниеге келгендерді не күтіп тұр?

29.12.2020

3168 0

Жылқы жылы дүниеге келгендер жігерлі, ынталы, бір жағынан өзіне сенімді. Алғашқысы табысқа жетуге көмектеседі. Ал тым сенімділік қателік жасауға әкеп соқтыруы мүмкін. Дегенмен сүйгенінің арқасында бұл тығырықтан шығады. Тышқан жылы Жылқы жылы туғандарға сәттілік әкеледі.

Денсаулық

Биыл денсаулыққа назар аударған жөн. Тынығып, ыңғайы келсе, жаз мезгілінде еңбек демалысына шығу керек. Дәруменмен, екпемен дертінен айыға қоймас. Шындығында, мұндай емнің көмегі мүлдем тимейді. Сізге таза ауа, жеміс-жидек, қымбат дәрумендер көмектеседі. Бақытты өзіңізге жақын көрінбейтін, тым алыстағы үлкен нәрседен емес, кішкентай нәрседен іздеу керек. Таза ауада серуендеу, кітап оқу Жылқы жылы туғандар үшін ауадай қажет.

Қаржы

2021 жылы Жылқы табысы күн көруге жеткілікті болуы мүмкін. Ойлап жүрген кәсіп аздық етеді. Бұл тығырықтан шығу оңай болмайды. Дегенмен уақыттың көптігі қиындық тудырмайды. Бір істі бастамас бұрын ол жайлы толық зерттеу керек. Өз қаражатынан қанша қаржы шығаратынын, қанша пайыз табыс қалатынын алдын ала есептеген жөн. Тәжірибесі бар адамдардың ойымен санасқан дұрыс. Сәтті шығу үшін шаралар қарастырған артық етпейді. Көктем мезгілі мол табыс көзі болмақ. Жұмысқа деген құлшыныс артып, тың идеялар ойластырады. Өзгелерден ерекше жоба таптым деп көп қаржы шығындамаңыз. Сізге бұл жоба мол табыс әкеледі.

Мансап

Жылқылар көкірек мінезін сәл басқан жөн. Қызметкерлердің адамгершілігіне көз жүгіртіп, кемшіліктерін бетіне баспаған дұрыс. Биыл қызметте бір саты жоғарылау болмақ. Жеке өмірмен жұмысты алмастырғаннан өрлеу де, құлау да бірге орын алмақ. Қатты қапаланбаңыз. Уақыт өте келе,  бәрі өз орнына келеді.

Махаббат

   Отбасында қиындық тууы мүмкін. Махаббатына сыза түсуі ғажап емес. Қиындықпен күресу барысында бір-біріне деген сыйластығы арта түседі. Жүрегіңіздің жартысына көңіл бөліп, қамқорлық танытыңыз. Әр күніңіз романтикаға толы болмақ. Сізге ғашық жандар көп. Бірақ өзіңіз ұнатқан, жүрегіңізге жақын жанды тандаңыз. Сәттілік сізге серік болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: