Сенбі, 21 желтоқсан, 19:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

2021 жыл тышқан жылы туғандар үшін сәтті блмақ

19.01.2021

2923 0

ТЫШҚАН

Жаңа жыл Тышқан жылы туғандар үшін сәтті болмақ. Ең бастысы ойлаған мақсатыңыздан бас тартпаңыз. Табандылық танытып, әрбір іске сабырлылықпен қараңыз. Ойыңызды жүйелеп, жақсылыққа нық сеніммен қарасаңыз, сиыр жылы жағымды жаңалықтарымен қуантпақ. Ойдың тартылыс заңы туралы естен шығармаңыз. Жағымсыз ойдан аулақ болыңыз. Әрбір қиындықтың астарынан жақсылық көруге тырысыңыз. Себебі жолыққан ауыртпалықтың барлығын жеңуге сіздің күш-қайратыңыз жетеді.

Денсаулық

Денсаулығыңыз береді. Сондықтан алдын-алу үшін дәрумендер қабылдап, күтініп жүрген абзал. Әсіресе көп қозғалуға, күнге жиі шығуға тырысыңыз. Себебі жаңа жылда бойыңыздағы D дәруменінің деңгейі төмендейді. Сондықтан бойыңызды күйзеліс билеуі мүмкін. Тамақтануыңызға да мән беріңіз.

Қаржы

Биыл сіз үшін маңызды ұстанымның бірі – үнемділік болмақ. Сондай-ақ, келешегіне сенімсіз қараған кәсіпке ақша салмаңыз. Қаражат мәселесінде сізге ішкі интуиция көмектеседі. Ойда жүрген жаңа идеяларды осы жылда жүзеге асыруға асығыңыз. Дегенмен мақсатыңыз толығымен жүзеге аспайынша, ешкімге тіс жармаңыз. Жеті қазынаның бірі – сиыр жылында қазынаңыз қаражатқа толып, табысқа кенелу де, тақырға отыру да өз қолыңызда.

Мансап

Жұмыста төзімділік танытуға тура келеді. Себебі асығыс шешімнің соңы келеңсіздікке апарады. Дегенмен жылдың басы қиын болғанмен, соңы тәтті болады. Кәсіби шеберлігіңізбен ұйымдастырушылық қасиетіңіз жоғары бағаланатын болады. Ең бастысы, тынбай еңбектену керек. Сондай-ақ ұжым мүшелерімен түсініспеушілік орын алады. Жүрегіңізге жақын қабылдамай, аса мән бермеуге тырысыңыз. Басқа адамдарға жомарттықпен көмектескен сәттілік сізді байқамай келген. Биыл кәсіби мүмкіндікті жақсартуға қауқарыңыз әбден жетеді. Көптеген жағдайда өз күшіңіз бен қабілетіңізге сенім артуға тура келеді.

Отбасы

Бұл жыл шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған тышқандар үшін сәтті жыл болады. Ал жақында ғашығынан айырылысқандар үшін сиыр жылы жаңа мүмкіндік береді. Ұнататын адамыңызға қамқор болып, қуанышқа бөленесіз. Осы жылы туысыңыздың ішінен бір адам танымалдылыққа ие болып, ерекшеленеді. Бұл оқиға сізді қуантады, алайда өзіңіздің жеке жетістігіңіз туралы да толғанып, қобалжитын боласыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: