Жексенбі, 24 қараша, 05:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

2021 жылдың қыркүйегіне арналған жұлдыз жорамал жарияланды

02.09.2021

1422 0

Қыркүйек айы – жылдың алдын ала қорытындысын шығаратын уақыт. Қазір аяқталып тұрған ісіңізге қуанып, әлі де жеткілікті түрде «піспеген» істермен жұмыс істейтін сәт келді.

Тоқты (21.03 – 20.04)

Жұлдыздар үнемдеу “режимін” іске қосуды ұсынады. Бұл сізге айдың көп бөлігінде абыроймен өмір сүруге мүмкіндік береді, өйткені бұл кезде кірістер аздап төмендейді. Қуанышқа орай, бірнеше аптадан кейін әл-ауқат қайтадан көтеріледі. Әлі отбасын құрмағандарға бұл үшін керемет мүмкіндік болады: дәл осы уақытта жақын арада пайда болатын жаңа таныстық ұзаққа созылады. Бұл кезде жүйке ауруларының ықтималдығы жоғары екенін есте ұстауыңыз керек, сондықтан сабыр сақтаған жөн, уайымға берілмеңіз.

Торпақ (21.04 – 21.05)

Кәсіби жетістік тек өз жұмысын жақсы көретін белгінің өкілдерін күтеді, ал немқұрайлы жұмыс жасайтындар сан соғып қалуы мүмкін. Сүйікті адаммен қарым-қатынаста шыдамдылық қажет, әйтпесе ол жылдар бойы жақсарып келе жатқан қарым-қатынастағы үйлесімділікті бұзуы мүмкін. Бұл кездегі денсаулығызың үшін ең жақсы ем дене тәрбиесі, спорт және дұрыс тамақтану болады. Олар қымбат дәрі-дәрмектерсіз денені қалыпты жағдайға қайтаруға мүмкіндік береді.

Егіздер (22.05 – 21.06)

Іскерлік мәселелерде кәсіби тәжірибемен бірге белсенділік болғаны жөн. Кім болса да өз жұмысының негізін білмейтін адаммен ынтымақтасқысы келмейді, сондықтан білім алып, басқа да пайдалы дағдыларды меңгерген жөн. Жеке өмірде үй шаруасы бірінші орынға шығады, бұл керісінше, шаршау мен тітіркенуді емес, жақсы жасалған жұмыстан ләззат әкеледі. Денсаулық алаңдаушылық туғызбайды: ең бастысы – арқа мен аяқты ауыртпауға тырысу керек, себебі бұл жарақатқа әкелуі мүмкін.

Шаян (22.06 – 22.07)

Кәсіби және жеке өмірдегі сәттілік “жайлылық аймағынан” шығып, нәтижеге жету үшін адамның еңбек етуі мен тілегіне тікелей байланысты болады. Ал өз армандарына жету үшін ештеңе жасамайтындарға сәттілік келе қоюы екіталай. Сіз сүйікті адамыңызды себепсіз қызғанбауыңыз керек. Ол біреуге болмашы назар аударса, байқамағандай кейіп танытыңыз, бұл ісіңіз жанжалдың алдын алады. Тоңып қалудан аулақ болу маңызды – тіпті кішкене желдің өзінен суықтап қалуыңыз мүмкін.

Арыстан (3.07 – 21.08)

Жұмыста, ең бастысы, арыстандар жүйке жүйесінің әсер ететіндерге назар аудармағаны дұрыс, өйткені ол өнімді және пайдалы жұмсауға болатын моральдық күшіңізді тауысады. Дұшпандарыңызға мән бермесеңіз, тез арада басылып қалады. Ұзақ татуласпаған досыңызбен достасуыңыз мүмкін – алайда ол үшін өзіңіз де қадам жасауыңыз қажет болады. Есіңізде болсын, сіз барлық істерді бітіре алмайсыз және шамадан тыс жұмыс сіздің денсаулығыңызға теріс әсер етуі мүмкін.

Бикеш (22.08 – 23.09)

Бұл ай саяхат пен іссапар белгісімен өтеді – олардың екеуі де өте сәтті болады, өйткені белгілердің жолында кездескен адамдар олардың кәсіби қасиеттерін, сүйкімділігі мен харизмасын бағалайды. Отбасылық өмірде жұптардың бір-біріне түсіністікпен қарауға тырыспауы кейбір қиындықтар туғызуы ғажап емес. Бұл айда гимнастиканың кез келген түрімен айналысу пайдалы болмақ. 

Таразы (24.09 – 23.10)

Ескі мен жаңа жұмыс орнын таңдауда сіз достарыңыз бен туыстарыңыздың кеңестері мен ұсыныстарын емес, өз қалауыңызды басшылыққа алуыңыз керек. Жылдар бойы жалғасқан қарым-қатынастан бас тартпас бұрын мұқият ойланған жөн, себебі оның нәтижесін күту керек. Жүрек-қан тамырлары жүйесі ерекше назар аударуды қажет етеді: жүйкеңізді шаршатпаңыз және алдын алу мақсатында дәрігер тағайындаған дәрі -дәрмектерді қабылдаған жөн.

Сарышаян (24.10 – 22.11)

Басшылықпен сөз таластырмаған абзал. «Бастықтың айтқаны – заң» деген ұстанымды есте сақтасаңыз, жағымсыз оқиғалардан аман қалу оңай болады. Сарышаяндар жаңа қарым-қатынастан және жауапкершіліктен қорықпауы керек: бұл жеке бақыт үшін төленетін ең үлкен баға емес. Спортзалға бару сіздің денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, көңіл-күйіңізді де көтереді, бұл әр түрлі себептерге байланысты.

Мерген (23.11 – 21.12.)

Бұрыннан кәсібін өзгерткісі келетіндер үшін жақсы уақыт келеді. Бұл, әсіресе, қолмен бірдеңе жасауды білетіндерге қатысты: бұл кәсіп қазіргі интеллектуалды жұмысқа қарағанда маңызды кіріс әкелетін сияқты. Жеке өмірде балалар мен қарт туыстардың мүдделері бірінші орынға шығады, белгі өкілдерінен басқа ешкім оларға көмектесе алмайтынын және олардың өмірін жайлы ету үшін күш пен уақытты аямайтынын түсіну маңызды. Мүмкіндігінше қауіпті көлік түрлерін қолданбаған жөн, өйткені бұл айда жарақат алу қаупі тым жоғары.

Тауешкі (22.12 – 20.01)

Шығармашылық мамандық иелері табысты болады: олар жүзеге асыратын жоба Тауешкілерді ұзақ уақытқа материалдық қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар әріптестерінің арасында абыройын көтереді. Жұлдыздар бұл айда өмірлік серігін жолықтыруы мүмкін. Бұл кезде Тауешкілердің жолықтырған адамы олардың өмірге деген құштарлығын арттыратыны сөзсіз. Ұзақ уақыт бойы денсаулығына назар аудармағандарға дәрігерге бір көрініп алу аздық етпейді. 

Суқұйғыш (21.01 – 18.02)

Суйқұйғыштарға дәл қазір тап болуы мүмкін бәсекелестік кедергі емес, керісінше, қойылған мақсатқа жетуге ынталану керек. Тек осы жағдайда кәсіби рейтингте бірінші орынға шығуға болады. Сіз өзіңіздің жеке өміріңіздегі өзгерістерді жұбайыңызбен қалыптасқан қарым-қатынасқа араластырмаңыз. Жақында пайда болған аллергия күрделі мәселеге айналуы мүмкін, тез арада дәрігермен кеңесу қажет.

Балықтар (19.02 – 20.03)

Кәсіби мақсатқа тек еңбек ету арқылы қол жеткізуге болады. Сәттілікке сене бермеңіз, ол көп адамдарда бола бермейді. Абай болыңыз, бұл уақытта отбасысыңыздың шайқалуы ғажап емес. Бұған жол бермеу үшін сіз үй шаруасын маңызды мәселелер қатарына көтермеуіңіз керек, себеб одан да маңыздырақ өзара сезім секілді дүниелер бар. Қолданылатын тағамға назар аудару маңызды, балғын емес және сапасыз тағам асқазан-ішек жолдарына теріс әсер етуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: