Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?
Оңай болмаса да сабырлы болыңыз. Күннің бастапқы уақытында біраз қиыншылыққа тап боласыз, бірақ жағдай жақсы жаққа түбегейлі өзгереді. Ең бастысы – абыржымау және алаңдамау. Үйде бәріне үлгергіңіз келсе, FlyLady атты үй шаруасын дөңгелетуге бағытталған арнайы жүйені байқап көріңіз.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?
Суық маусымға сәнді бас киім таңдаңыз: бас киімдерге көңіл бөлмеу дұрыс емес, олар шашыңызды сау ұстауға мүмкіндік береді, бұл сәндеуден әлдеқайда маңызды. Бүгін физикалық белсенділік үшін аса ыңғайлы күн емес, шаршап, жарақат алу қаупі бар.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?
Қарым-қатынаста өзара бір ортақ шешімге келу маңызды. Өз пікіріңізді ғана басшылыққа алып, дауласа бермеңіз. Жасөспірім балаларыңыз болса, оларды тұрмыстық өмірдің қиындықтарымен таныстырып, көп жайт туралы ашық сөйлесіңіз. Ақпаратты жеңіл әрі түсінікті тілде жеткізіңіз. Бұл білім оған өмірде қажет болады.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?
Күн жарқын және оқиғаларға толы болады. Қызықты және ерекше ұсыныстар болуы мүмкін. Егер сіз оларды қабылдасаңыз, онда өміріңіз жақсы жаққа өзгереді. Жолыңызда оңай жеңуге болатын кедергілер болады. Бұл сіздің батылдық және шығармашылық қабілетіңізді ашуға мүмкіндік береді. Бүгін физикалық белсенділік танытудың қажеті жоқ, бұлшық етті ауыртып алу қаупі бар.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?
Өміріңізде тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз әрі өзіңізге қуаныш сыйлауды ұмытпаңыз. Театрға, киноға, көрмеге барудың барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз. Үйдегі спа-процедуралар үшін бір сағат уақыт бөліңіз: қарапайым хош иісті ванна қабылдағаныңыздың өзі сіздің көңіл-күйіңізді көтереді. Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге дәрумен сатып алыңыз – бұл сіздің денсаулығыңызға үлкен инвестиция. Бүгін жаңа аяқ киім сатып алуға қолайлы күн: өзіңізге ыңғайлысын тез табасыз.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?
Эмоционалды жеңілдеу үшін жақсы күн: кейінге қалдырып жүрген драманы тамашалап, біраз серпіліңіз. Сенгісіз жеңілдік сезінесіз. Бүгін жаныңыз қаншалықты өзгерістерді қалағанымен, тың дүние бастамағаныңыз абзал. Үйді жинаңыз немесе өзіңізге демалыс жариялаңыз.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?
Күлкі өмірді ұзартады – көтеріңкі көңіл-күйде болуды, әзілдеуді ұмытпаңыз. Өзіңіз естіген тұрмыстық лайфхактардың бірнешеуін қайталап көріңіз. Олар сіздің үйдегі тірлігіңізді жеңілдете түседі.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?
Бүгін айналаңызды өзгертіп, жайлы етудің орайы түсіп тұр. Жайлылық орната отырып, сіз бірден бірнеше маңызды тапсырма мен жобаны орындай аласыз. Сүйіктіңізге сыйлық сыйлау жағын ойластырсаңыз, оның қалауын ескеруді ұмытпаңыз. Тіпті оның қалағаны сіздің көңіліңізден шықпаса да, оған ұнауы мүмкін заттарға бір уақ мән беріңіз.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?
Балаларға отбасындағы қарым-қатынастың қандай болатынын көрсету маңызды. Ата-ана арасындағы қатынас сыйластыққа негізделген әрі жылы болса, онда бала да осындай ортаны іздейтін болады. Балалардың көзінше қатты айғайлап, дауыс көтермеуге тырысыңыз. Бүгін ұзақ уақыт араласпаған досыңызға қоңырау шалу үшін тамаша күн, сөйлеспей кеткеніңізге қысылудың қажеті жоқ. Қарым-қатынасты жаңартуға мүмкіндік бар.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?
Өзіңізбен пікірлес адамдарды тауып, олармен біріге аласыз. Жұмысыңызда елеулі нәтижелерге қол жеткізесіз. Жақсы танымайтын адамдармен абай болыңыз. Осы демалыс күндері достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, сізде ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін ресурс қалмауы мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?
Денсаулыққа мұқият болыңыз, аздап өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Кешке тыныштық пен жалғыздықта демалыңыз. Ұйқыңызды қандырыңыз, ванна қабылдаңыз, табиғатта таңғы ас ішіңіз, тынығып, серуендеңіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!