Жұма, 22 қараша, 05:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Әлемде қарттардың саны балалардан асып түспек

18.07.2024

326 0

Сурет: Pixabay.com

Біріккен Ұлттар ұйымы 10 жылдан кейін әлемде 80 жастан асқан қарттар саны бір жасқа дейінгі сәбилерден көп болады деген болжам жасады. Ал 2070 жылдардың соңына қарай 65 жастан асқандар саны балалар санынан асып түседі. Ғалымдардың айтуынша, қазір адамдар өздері үшін өмір сүргісі келеді. Әлеуметтанушы дүниежүзінде қарттардың санының өсуі демографияға қалай әсер ететінін айтты. Бұл туралы “Информбюро” бағдарламасы хабарлайды. 

Ғалымдардың бұған дейінгі болжамына сәйкес, енді халық санының өсу қарқыны баяу. Әлемде әйелдер 1990 жылмен салыстырғанда орта есеппен бір балаға аз туды. Қазіргі көрсеткіштер бойынша, әлем халқының саны 2080 жылы 10,3 миллиардқа жетеді, содан кейін азаяды. Бүгінде қарттары ең көп ел – Жапония.

2024 жылғы жағдай бойынша Қытай, Германия, Жапония және Ресей Федерациясын қоса алғанда, 63 ел мен аумақтағы халық саны ең жоғары деңгейге жетті. Бұл елдердің жалпы халқының саны алдағы отыз жылда 14 пайызға қысқарады деген болжам бар.

Әлеуметтанушы Сергей Фролов қазіргі жастардың отбасы болып өмір сүргісі келмейтінін айтады. 

“Мысалы жапониялықтар “бақыт” деген ұғымды өзінше түсінеді. Ол жақта жастар бүкіл уақытын компьютердің алдында өткізеді. Ал оларды өмір бойы ата-анасы асырайды. Оларға отбасын құру қызық емес. Бұған дейін әр отбасында кем дегенде үш бала болу керек десе, қазір адамдар өзі үшін өмір сүргісі келеді. Адамдар өздерін “чайлд-фри” деп жариялап жүр”, – дейді әлеуметтанушы. 

Отбасылық психолог Татьяна Савицкаяның айтуынша, адамдар ауылдан қалаға көптеп қоныс аударып жатқандықтан халық саны өсуін тоқтатты. Өйткені қалада көпбалалы отбасыны асырау қиын дейді. 

Десе де қазақстандық статистиканың көрсеткіші соншалықты нашар емес. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының демография бөлімінің сарапшысы Бибігүл Мирасбек айтты.

“15 жасқа дейінгі әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 30-ға жуық зейнеткерден келеді. Бірақ 5 жыл бұрын ол 26,5 болған. Дәл Қазақстанда қатты өсім жоқ. Яғни, ол жылына 1-2% қарқынмен өседі. Бұл өте аз”, – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: