Жұма, 11 қазан, 06:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

«Мұғалім қызметіне орналастырып беремін» деп алдаған қала тұрғыны ұсталды

12.04.2022

1012 0

1 сәуір күні алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын көрсеткен. 2021 жылдың тамыз айында «мұғалім қызметіне орналастырып беремін» – деп, уәде берген. Сөйтіп жәбірленушіден 850 мың теңге ақшасын алған.

Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешімін таппағандықтан жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел– іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: