Сәрсенбі, 26 маусым, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50-2060
25.06.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік медианың қоғамға әсері қандай?

17.06.2024

219 0

Сурет:wdiy.org

Бүгінде әлеуметтік медиа достарымызбен, отбасымызбен және жалпы әлеммен байланыс орнататын күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Қазір елдің бәрі сағаттап Фейсбукте, Инстаграмда, Тик токта немесе Телеграммда отырады. Сондағы әдемі өмірге елітіп, жүйкесін жұқартып жүргендер қаншама.  Сол жылтыр фильтрлар мен түрлі-түсті фотосуреттердің артында адамның психикасы мен эмоционалдық денсаулығына қауіп төндіретін зиянды басқа әлем жатқанын ұмытпауымыз керек. Деректерге сүйенсек, әлеуметтік медиада ұзақ уақыт болу пайдаланушыларда, әсіресе жасөспірімдерде стресс, мазасыздық және депрессия деңгейінің жоғарылауына әкеледі екен. Мұның басты себебі өзіңді әлеуметтік желідегі идеалдандырылған өмір салтымен үнемі салыстыру. Ондағы «мінсіз» фотосуреттер мен  өмірдің жарқ-жұрқ еткен сәттері іштей қызғаныш тудырып, өзіңді төмен  бағалауға алып келеді. 

Сонымен қатар, әлеуметтік медиа адам бойында есірткіге немесе алкогольге тәуелділікке ұқсас тәуелділікті дамыта алады. Парақшадағы хабарламаларды, ұнатулар мен пікірлерді үнемі тексеріп отыруға деген ұмтылыс шынайы өмірден алыстатып, басқалармен қарым-қатынаста қиындықтарға әкелуі мүмкін. Достарыңды, ата-анаңды ұмытып, айналаңда не болып жатқанынан  бейхабар күй кешу секілді.  

Дегенмен, әлеуметтік медианың жағымды жақтарын да айта кету керек. Олар идеялармен бөлісуге, қауымдастықтар құруға, адамдардың  қиын кезеңдерде бір-біріне қолдау көрсетуіне оң ықпалын тигізіп жүр. Жақында ауыр науқастанып жатқан сәбиге шетелде ота жасатуға қажетті қаражатты, желі қолданушылардың арқасында жинап алуға ықпалы болды. Су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдарға да әлеуметтік желі пәрменімен жан-жақтан түрлі қолдаулар жасалды.    Сондай-ақ, әлеуметтік платформалар қоғамдық жұмыстарды жандандыру кезінде де таптырмас алаң болып табылады.  

Қалай дегенмен де әлеуметтік медианы пайдалануда тепе-теңдікті ұстау маңызды. Оның зияны мен кері әсерін азайту үшін шаралар қабылдау маңызды. Ол үшін әлеуметтік желіні қалыпты пайдалануды басты назарға алу керек. Күні бойы экранға телмірмей үзіліс алып тұрған және ондағы мазмұнға саналы көзқарас қалыптастыра білу керек. Оның артында шынайы өмір бар екенін де естен шығармау керек . Яғни, виртуалды әлем мен нақты әлем арасындағы үйлесімділікті табу қажет. 

                        Назерке Жаханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: