Жұма, 13 қыркүйек, 22:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72 (2082)
10.09.2024
PDF мұрағаты

Айдында жүзген Ақжелкен

13.09.2024

100 0

№17 кітапхана №144 С.Әлжіков атындағы мектептің 8 сынып оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Айдында жүзген ақжелкен» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, құрмет орденінің иегері ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған поэзия кешін өткізді.
Танымдық шараның мақсаты – оқырмандарды отты жырларымен, ойлы, өрнекті өлеңдерімен, халқының қадір-қасиетін айта алған, жайықтың ақ шағаласы атанған, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығымен таныстыру.
Кейіпкеріміз нағыз шыншыл, азаматтық лирикасында әлеуметтік кем-кетігін, тұрмыс-тауқіметін, жалпы қазақтың мұң-шерін жырлап, жоғын жоқтай білген ақын. Осы орайда поэзия кешінде А.Бақтыгерееваның шығармашылығынан кітапхананың белсенді оқырмандары өз шығармашылығынан ақынға арнау өлеңдерін орындап көрермендер ықыласына бөленді.
Сонымен қатар кеш барысында кейіпкердің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетілді. Аға кітапханашы Қарлығаш Сражадинова ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: