Сенбі, 28 желтоқсан, 00:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақпан айына арналған таңғажайып жұлдыз жорамал

02.02.2021

2059 0

Ақпан айында жұлдыздар бізге не уәде етеді? Атақты көріпкел, сарапшы Хаял Алекперов айтып берді. Сөзінше, ақпан айында жұлдыз белгілерінің кейбіреулері өз мансаптарына, ал басқалары қарым-қатынастарына назар аударғаны жөн.

Тоқты

Қыстың соңғы айында Тоқтылар жақындарының кеңесін жиі тыңдағаны абзал. Бұл сізге көптеген қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Айдың ортасында жұлдыздар мансабыңызда оң өзгерістер болатынын уәде етеді. Жұмсаған күш-жігеріңіз ақыры өз жемісін береді.

Торпақ

Осы кезеңде Торпақтар өзіне деген сенімділікті күшейтуі керек. Себебі ішкі күмән мен өзін-өзі бағаламау сәттілікке жетудің басты кедергісі болып табылады. Ақпан айының соңы – жақындарыңызбен бұрыннан келе жатқан дау-дамай мен келіспеушіліктерді шешуге қолайлы уақыт. Ымыраға келу оңай болады.

Егіздер

Ақпан айында аспан денелерінің орналасуы Егіздерді ішкі өзгерістерге итермелейді. Белгі өкілдері өз өмірлеріндегі көптеген оқиғаларға басқа жағынан қарайтын болады. Айдың соңында жұлдыздар денсаулығыңызға мұқият болуға кеңес береді – созылмалы аурулар өршуі мүмкін.

Шаян

Қыстың соңғы айында Шаяндар өз кәсіби саласында қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін жұлдыздар мұқият болуға кеңес береді. Әсіресе, қызықсыз және күнделікті тапсырмаларды орындағанда, қателік жіберуіңізде ғажап емес. Айдың соңы жалғызбасты белгілер үшін романтикалық тосын сыйлар уәде етеді. Кездейсоқ таныстықтар болуы ықтимал. 

Арыстан

Арыстандар осы кезеңде дос болуға табандылықпен ұмтылатын адамдарға мұқият болу керек. Олар өз пайдасы үшін сізбен араласып жүруі мүмкін. Ерлі-зайыптыларда жеке қарым-қатынастарында келіспеушілік туындауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін сезімдеріңізді білдіруде ұстамды болуға тырысыңыз.

Бикеш

Айдың басы Бикештерді қаржылық әл-ауқатының жақсаруымен қуантады. Қосымша табыс пайда болуы мүмкін. Ақпан айының ортасында ас қорытуыңызға назар аударған жөн – асқазан-ішек жолында қиындықтар туындауы мүмкін.

Таразы

Қазіргі оқиғалар туралы қорытынды жасауға асықпау керек. Бір қарағанда жағымсыз кездейсоқтық болып көрінген нәрсе жақын арада тағдырдың жақсы бұрылысымен қуантуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың жеке қарым-қатынастарында өте үйлесімді кезең орнайды. Жан серігіңізбен болашаққа арналған бірлескен жоспарларды талқылаудың тиімді уақыты келді.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін ақпан айының басы – маңызды сатып алуды жоспарлау үшін тиімсіз уақыт. Мұндай шешімдерден бас тартқаныңыз абзал. Кәсіби қызмет саласында жұлдыздар өз түйсігіне көбірек сенуге кеңес береді. Ол сізге қалаған жетістікке жетудің дұрыс жолын көрсетеді.

Мерген

Осы айда жұлдыздар Мергендерге күтпеген пайда уәде етеді. Қаражаттың шектеулі болуына байланысты ұзақ уақытқа кейінге қалдырған затты сатып алуыңыз мүмкін. Ақпан айы жалғызбастыларда романтикалық танысуларға толы болады. Өз өміріңізді өзгерту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Тауешкі

Тауешкілер үшін ақпан айы – жаңа бастамаларды бастауға қолайлы уақыт. Қалаған нәтижеге тез және оңай қол жеткізе аласыз. Ең бастысы бүгін қолыңыздан келетін нәрсені кейінге қалдырмаңыз. Айдың соңында өз денсаулығыңызға назар аударғаныңыз жөн – иммунитетіңіз әлсіреуі мүмкін.

Суқұйғыш

Қыстың үшінші айы Суқұйғыштарға мансаптарында жаңа белестер ашады. Мүмкін, белгі өкілдері бұрыннан армандаған кәсіби өсу немесе жобаға ие бола алады. Жұлдыздар сонымен қатар өзіңізге сенімсіздік туғызатын адамдардан аулақ болуға кеңес береді. Табыстың кілті сіздің жақсы ойлауыңыз бен мақсатқа жетуге деген табандылық екенін ұмытпаңыз.

Балықтар

Ақпан айында Балықтар жолында белгілі бір кедергілер туындауы мүмкін. Мән-жайлар белгі өкілдерінің жоспарлары мен күткендеріне қайшы келуі ықтимал. Бірақ бұл қайғыға себеп болмауы керек. Жағдайды қабылдай алғаннан кейін, оқиғалар сіз күткеннен де жақсы дамиды.

stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: