Сенбі, 21 желтоқсан, 23:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақша шақыратын ырым бар

08.03.2021

4118 0

Сіз оған қаншалықты сенесіз?

Кім бай болғысы келмейді, иә… Енді біреуі қиналмай-ақ табыс табуды армандайды. Келесі біреу ырымға сенеді. Ал, сіз сенесіз бе? Мынадай ырымдар баршылық екен.Дастарқанның үстін қолмен сүртуге болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әpi қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көpiңіз, әpi қаржылық жағдайыңыздағы өзгepicтi де бақылауды ұмытпаңыз.Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз.

Егер санауға тура келсе, бipeyгe жасатқаныңыз жөн.Егер ciз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарар кезде үстел үстіне қойғаныңыз абзал. Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз.Көп жағдайда үйде бос шыны ыдыстары – банка, жәшіктер тұрып қалады. Бұлар – «Қара үңгірлер» үйге келген кірістің бәрін тартып кетеді. Егер сіз бос ыдыстарды тастауға шамаңыз келмесе, ішіне бірнеше дән немесе тиындар тастаңыз.

Үстел үcтіне бос шыны қоймау да осыдан шыққан.Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша, алтын, күміс көрсетіп: «Жаңа ай қалай өciп келе жатса, маған сондай ақша келсін» деп айту керек екен.

Сейсенбі күні қарыз сураудан аулақ болыңыз, кем дегенде бip ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар.Әруақытта ақшаңызды әмиянда ұстаңыз. Ақша қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса кіріс кірмейді. Яғни, бұл ақшаның да өзін баптамайтын жерге барғысы келмейтіндігімен түсіндіреді. Әмияныңыз жыртылмаған, әрі таза терілерден жасалынғаны болуы керек. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және де мыжымай салғаныңыз дұрыс.Әмияныңызда доллар болмаса тұмар ретінде ескі тиын салып жүріңіз.

Келесі ақшаны шақыратын болады.ТІЛШІ ТҮЙІНІ: Қарапайым ғана ережелер, иә. Мүмкін, расымен бір септігі тиіп қалар. Лайым, қалтаңыз қалыңдап жүрсін демекпіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: