Сейсенбі, 16 шiлде, 08:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі белгілі болды

12.07.2024

198 0

Бүгін, 11 шілде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми бас демеушісі болып танылды. 
Шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысы Наиль Нұров пен «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов қатысты.

«Отандық алпауыт компанияның жылдың ең маңызды оқиғасы – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызығушылық танытуы отандық спортқа, оның ішінде ұлттық спортқа деген жоғары құрметті көрсетеді. Біз Alageum Electric компаниясының 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлігі болғанына қуаныштымыз», – деді дирекция басшысы Наиль Нұров.
 

Ұлттық спорт түрлерін қолдау және оларды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жүйелеу мақсатында 2024 жылы «Ұлттық спорт түрлерін қолдау қоры» Қоғамдық қоры құрылды.

«Ұлттық спорт қорының» басты мақсаты –  ұлттық спорт түрлерін дамыту, спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттау әрі сақтау. Одан бөлек ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстардың сапалы өтуіне, спортшыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға және даму бағдарламаларын іске асыруға ықпал жасап, ұлттық спорт түрлерін зерттеу және дамыту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару қордың тікелей қызметі болады.

«Біздің компания әрқашан еліміздің мәдени және спорттық дәстүрін қолдауға және дамытуға ұмтылады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі мәртебесі – бұл біздің ағымдағы жұмысымыздың жалғасы деп санауға болады. Біз халықаралық аренада дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауға өз үлесімізді қоса алуымызды мақтан тұтамыз», –деді «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

«Alageum Electric» электротехника компаниясы Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаевтың тікелей қолдауымен  5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын қолдауға ниет білдірді. Бұл маңызды қадам Компанияның ұлттық спорт түрлерін қолдау және дамыту жолындағы адалдығын, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілігін, тамырына және халықтың тарихи мұрасына деген құрметін көрсетеді. 
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шарада 89 елден 2000-нан астам қатысушы болады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі – Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: