Сейсенбі, 24 желтоқсан, 22:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Атлант мұхитының түбінде алғашқы автокөлік жолы жасалды

17.02.2021

1628 0

Фарер аралында таңғажайып су асты автомобиль туннелі салынды. 187 метр тереңдікте Атлант мұхитындағы алғашқы автокөлік айналма жолы жасалды.

Кішкентай аралдағы үлкен жетістік

Фарер аралы – 18 аралдан тұратын архипелаг, Исландия мен Шотландия арасында орналасқан автоном құрылымы. Халық саны – 51 мың адам. 17 аралды халық мекендейді. Ресми түрде Дания корольдігінің құрамына кіреді, бірақ 1948 жылдан бастап Фарер аралы әкімдігі жергілікті мәселелерді дербес түрде шешіп келеді.

Атлант мұхитының түбінде алғашқы автокөлік жолы жасалды

Жолдың ең тік бөлігі 5 пайыздан аспайды

2002 жылдан бастап Фарер аралы біртіндеп су асты автомобиль туннеліне ауыса бастады. Бұл күрделі және қымбат құрылым фарер тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдетуге және аралдар арасындағы қозғалыс уақытын жеделдетуге қызмет етеді.

Стреймой мен Эстурой аралының арасындағы туннель ерекше болады. Ол 11 шақырымдық негізгі үш жолдан тұрады және Атлант мұхитында 187 метр тереңдікте орналасады. Автомагистраль 2020 жылы 19 желтоқсанда пайдалануға берілді.

Атлант мұхитының түбінде алғашқы автокөлік жолы жасалды

Жол ақылы болады

Жаңа туннельдер желісі ел астанасы Торсхавн мен Рунавик арасындағы жүру уақытын 74 минуттан 16 минутқа дейін немесе 4,5 есе қысқартады. Бұл көршілес аралға үнемі баратын жергілікті тұрғындар үшін өте ыңғайлы.

Су астында, 180 метр тереңдікте салынған тас жолы қауіпсіз болуы үшін жолдың ең тік бөлігі 5 пайыздан аспайды. Фарер аралында қолданылатын туннельдің ұзындығы 5-6 шақырымды құрайды.

Атлант мұхитындағы танымал дөңгелек туннельдер желісі Фарер аралының инфрақұрылымына салынған ең көп инвестиция болды. Маршрут бойынша жүру ақылы болады. Бір бағытқа жүру құны 10 еуро. Жергілікті тұрғындар үшін жыл сайынғы жеңілдіктер жазылады.

Фарерліктер жаңа ғимаратты мүсінші Трондур Патурссонның мүсіндерімен және жарық эффектілерімен безендірген.

Ақпарат дереккөзі: Massaget

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: