Жаңа жыл қарсаңында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық Қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен мүгедектігі бар балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мұндағы басты мақсат мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.
Бала – өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды. Ел болашағының жарқын болуы әрбір отбасының шаңырағын шынайы қуаныш пен жылулыққа, махаббат пен мейірімге толтыратын өскелең ұрпақтың қолында.
Мерекелік шараға 150мүгедектігі бар балалар қатысты. Онда балаларға «Арыстан Патша»атты балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік ұсынылып, ойын сауық ұйымдастырылды.
Сонымен қатар балаларға сыйлықтармен тәттілер сыйға берілді. Балалардың жүздеріне күлкі, көңілдеріне шаттық сыйлаған іс-шара ерекше қарқынмен бастау алды. Жаңа жылдық безендірулер мен балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әсем әуенмен жадыратты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!