Дүйсенбі, 25 қараша, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Балаңыз тершең бе? Оның себептерін біле жүріңіз!

02.02.2023

830 0

Терлеу – қалыпты процесс. Бұл процестің мақсаты – теріні және бүкіл ағзаны салқындату. Температура денеде орналасқан 2-4 миллион эккринді тер бездері арқылы реттеледі. Олар адам дүниеге келген алғашқы күннен бастап жұмыс істейді. Бұл бездердің ең көп мөлшері табан, алақан, бет, маңдай және қолтықта болады.

Тер бездері іске қосылу үшін жүйке ұштарынан келетін нақты импульс керек. Оған мына факторлар әсер етеді:

  • мидан ағза қызып кетті деген белгінің келуі;
  • гормондар;
  • эмоциялар;
  • физикалық белсенділік.

Жоғары тершеңдікті гипергидроз деп атайды. Бұл патологиямен қиналатын адамдарда тер бездері бұл факторларға қатты әсер береді және тер көп мөлшерде бөлінеді. Бала тершең болса, оған тез жел тиіп, жиі ауыруы мүмкін.

Патологиялық тершеңдіктің қандай себептері болады?

Бала тершеңдігінің ең жиі кездесетін себебі – ағзаға D дәрумені, кальций және темірдің жетіспеушілігі.

Сондай-ақ жасырын вирусты жұқпалар да себеп болады: цитомегаловирустар, Эпштейн-Барр вирусы, 1, 2 және 6-шы типті Герпес вирусы.

Тершеңдіктің тағы бір себебі – қалқанша без проблемасы.

Жоғары тершеңдік ауыр вирусты және бактериялық жұқпалармен ауырғаннан кейін де кездеседі. Бұл бактериялар мен вирустар токсиндер бөледі, олар тер бездеріне жанама әсер етеді.

Егер балаңыз қатты тершең болса, анемияға, D3 дәруменіне, қалқанша без гормонына және жасырын вирустарға зерттеу жүргізу керек. Олардың нәтижелерін педиатр, және эндокринологқа көрсетіп, қажет ем алу керек.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: