Жұма, 22 қараша, 18:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Балдың ағзаға пайдасы

17.01.2021

1572 0

Бал жеуді күнделікті әдетке айналдырғанда ағзамызда қандай өзгерістер орын алады және тұтастай алғанда оның денсаулыққа қандай пайдасы бар? Балды жеудің 8 пайдасына тоқталып, толығырақ тоқталсақ.

Біз денсаулықты нығайту үшін түрлі витаминдерге қыруар ақша жұмсап, жалпы иммунитетті жақсартудың жолдарын іздейміз. Бірақ, неліктен адамдар көбінесе табиғат ананың осы мақсаттарға арналған сыйын өзі бергенін байқамайды?Бал – әртүрлі аурулардың алдын алу және оларды емдеуге қызмет ететін ара шаруашылығының керемет өнімі. Сонымен қатар, бұл тәттіні қант диабетіне шалдыққан адамдарға да қолдануға болады. Бірақ, балдың табиғи екеніне сенімді болу үшін оны арашыдан сатып алған жөн.Балдың ағзаға қандай пайдасы бар

1. Таза тері

Бал – өте күшті антиоксидант. Ол терідегі тесіктердің бітелуіне және безеу мен терінің ерте қартаюға алып келетін ағзадағы уытты заттарды шығарады. Балды жеуден бөлек, онымен маскалар жасауға болады. Сонда бет барқыт тәрізді жұмсақ және тегіс болады.

2. Арықтау

Артық салмақтан арылу керек болса, тәтті жеуге болмайтынын өздеріңіз де білесіздер. Бірақ, ол тәтті бал емес. Балды жеуге рұқсат етіліп қана қоймай, сонымен қатар оны арықтағысы келетіндерге ұсынады. Ол метаболизмді жақсартатындықтан, артық салмақ тез кетеді.

3. Холестерин деңгейін қалыпқа келтіру

Бір қызығы, балдың құрамында холестерин жоқ. Бірақ, оның құрамында холестерин деңгейін төмендетуге көмектесетін микроэлементтер бар. Жоғарыда айтылғандай, балды күнделікті тұтыну ағзадағы антиоксидант қосылыстарының деңгейіне оң әсер етеді. Ал, ол өз кезегінде жоғары холестерин деңгейімен күреседі.

4. Сау тамырлар

Балды күнделікті қолданылу жасы келген адамдардың барлығында пайда болатын жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Медициналық зерттеулер көрсеткендей, балдың құрамына кіретін антиоксиданттар артериялардың тарылуының және қан ұйыуының алдын алады.

5. Есте сақтау қабілетінің жақсаруы

 Күнделікті бал тұтынатын адамдардың есте сақтау қабілеті әлдеқайда жақсы дамығаны ғылыммен дәлелденген. Сондай-ақ, олардың қартайғанда ұмытшақтыққа шалдығу ықтималдығы да нөлге тең. Сонымен қатар, балдағы кальций миға жақсы сіңеді, және бұл оның жұмысына жағымды әсер етеді.

6. Дұрыс ұйқы

Қатты ұйқы психо-эмоционалдық денсаулық пен сұлулықтың кепілі болып табылады. Ал бал тез ұйықтауға ықпал ететін гормон – серотониннің өндірілуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан ұйқы алдында бір қасық бал жеп жататын болсаңыз жақсы ұйықтайтын боласыз.

7. Асқорыту трактісін қалыпқа келтіру

Асқорытуды жақсарту үшін аш қарынға бір қасық бал жеу ұсынылады. Осындай қарапайым рәсім асқазан-ішек жолдары ауруларының пайда болуына жол бермейді. Сонымен қатар, бал асқазан жолында бактерияларды жояды, сондай-ақ асқазанның шырышты қабығындағы жараларды емдейді.

8. Антидепрессант

Балдық құрамындағы глюкоза нейрондар үшін қажет. Ол қанға тез сіңіп, босаңсуға, сіңірдің тартылуын төмендетуге және психологиялық бұзылуларды емдеуге ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: