Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Белгілі профессор өмір сүру жасын қалай ұзартуға болатын айтты

19.08.2023

1004 0

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 74,44-ті құрады. Дәрігерлер ақыл-ойдың тазалығын, белсенді қозғалу мен өмірден ләззат алу сынды әдеттерді сақтай отырып, әлдеқайда ұзағырақ өмір сүруге болатынын айтты. Бұл  туралы  Lenta.ru басылымы хабарлайды. 

Ресей ұлттық ғылыми-зерттеу медицина университеті Федералдық мемлекеттік білім беру мекемесінің қартаю аурулары кафедрасының профессоры Н.И. Пирогов ұзақ өмір сүру үшін денсаулыққа қандай күтім жасау керек екенін айтты.

“Әлемде 100-110 жастан асқан адамдар жеткілікті. Көбіне олар шоғырланған аумақтарды көк аймақ деп атайды. Өмір сүру ұзақтығы жоғары аймақтар бойынша барлық деректер талдау арқылы алынды. Географиялық орналасуына, әлеуметтік және экономикалық жағдайына қарамастан осы аумақтардың тұрғындары арасында ұқсас белгілер анықталды”, – деді профессор Антон Наумов.  

Біріншіден, табиғи қозғалыстың көп болуы. Тұрғындары жүз жылдан аса өмір сүретін аймақтардың бірі – Жапониядағы Окинава аралы. Жапонияда жекелеген тұрғын үйлерде арнайы үстелдер жоқ. Онда 100 жастағы әйелдер күніне 90 рет еденнен отырып тұрады. 

Белгілі профессор өмір сүру жасын қалай ұзартуға болатын айтты

“Тағы бір көк аймақ – Сардиния аралы. Таулы жер болғандықтан кейбір елді мекендердегі ер адамдар күніне 30-35 шақырым жаяу жүреді. Сондай-ақ жүз жыл өмір сүрген адамдардың үйінде шаңсорғыш пен швабра жоқ. Еденді жуу үшін олар еңкейіп, белсенді түрде қозғалады“, – деді гериатр, профессор Антон Наумов.

Екіншіден, пайдалы тағамдарды тұтыну. Көк аймақтың тұрғындары өсімдік тағамдарын көп пайдаланады. Олар тамақтану кезінде 80 пайыздық ережені ұстанады, яғни тәрелкеге ​​өзі қалағандай көп тағам салады, бірақ оның 80 пайызын жейді. 

Негізгі метаболизмді сақтау үшін адамға күніне орта есеппен 2500 килокалория қажет. Сонымен қатар, көк аймақтардағы жүз жасаған адамдар 1800-1900 килокалория тұтынады, яғни негізгі метаболизмге қажеттінің 80 пайызын құрайды. Мұндай аймақтарда толыққанды тамақтану мәдениеті қалыптасқан. 

Белгілі профессор өмір сүру жасын қалай ұзартуға болатын айтты

“Үшіншіден, көк аймақтардан үйренетін маңызды ғылым – дүниетаным. Бұл – адам бойындағы өмірлік мақсаттың болуын қамтитын тұтас ұғым. Жапон тілінде “икигай” деген термин бар. Ол “өмірдің мәні” деген мағынаны білдіреді. 

Жапония тұрғындары таңертең неліктен ояну керектігін біледі, яғни өз “икигайлары” үшін. Қарт адамдар ерте тұрып, немерелерін мектепке апарып, сосын достарымен кездеседі. Олардың бір күнге, айға, жылға мақсаттары мен міндеттері бар. Бұл өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды фактор” – деді гериатр. 

Белгілі профессор өмір сүру жасын қалай ұзартуға болатын айтты

Ұзақ өмір сүруге негізделген соңғы нәрсе – жақсы әлеуметтік топқа жататындығы. Мұнда қызықты әлеуметтік шеңбер туралы айтылады, яғни жақын адамдар мен отбасының маңыздылығы.  

Сардинияның таулы аймақтарында қоғамдық орындарда тек қана жастарға арналған жарнамалық баннерлер жоқтың қасы. Кез келген жарнама қарт адамдардың қатысуымен болады. Бұл “үлкенге құрмет, кішіге ізет” деген мағынаны үндейді.

“Бұл тек қарт адамдар үшін маңызды емес. Мұндай отбасындағы баланың мейірімді, білімді, тәрбиелі болып өсетіні дәлелденген” – деді профессор.  

Адам 70-80 жаста болсын салауатты өмір салтын ұстануға тырысу керек. Ең бастысы, бұл әдістер ғылыми түрде дәлелденген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: