Бейсенбі, 21 қараша, 22:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Биологиялық белсенді қоспаның (БАД) пайдасы бар ма?

23.05.2021

2761 0

 Биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) әр түрлі шөптен, қажет болғанда жануар ағзасынан алады. Олардың басым бөлігі белгілі бір мөлшерде пайдасы бар. Алайда биологиялық белсенді қоспаны жарнамасына қарап сатып алар да мұқият болған жөн.

Көп сатушылар ББҚ-ны «мың бір» ауруға ем, ағзадағы кез келген ауытқушылықтың алдын алады, артық салмақтан арылтады деп алдауы мүмкін. Соның арқасында қазір ел арасында биологиялық белсенді заттарға сұраныс артты. 

Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керек екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны қолданар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңескен жөн. 

Биологиялық белсенді қоспалар – дәрі емес, ол ағзаға жетпейтін дәрумендер мен минералдардың орнын толықтыру үшін қолданылады. Оны тағам құрамына қосып та, жеке өзін де қолдануға болады. Алайда ел арасында таралғандай ол қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. Қазіргі таңда тамақ өндіру барысында шикізатты бірнеше мәрте өңдегендіктен табиғи сапасын жоғалтуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін биологиялық белсенді қоспалар қолданылады. Зерттеуге сәйкес, биологиялық белсенді қоспаның адам ағзасына зияны 5-7% көрсетсе, пайдасы 80-90% жетеді. 

Биологиялық белсенді қоспаның басым бөлігі өсімдіктен алынады. Қолданылатын заттардың зияны да, пайдасы да бар. Бірақ зиян деген өсімдіктің де құрамында медицинаға қажет заттар болуы мүмкін. Сол үшін кейбір жағдайда биологиялық белсенді қоспаны дәрі-дәрмектен бөлек қосымша тағайындауы мүмкін. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны не құрамында биологиялық активті қосылыстары (БАҚ) бар дәріні басқа дәрімен қатар қолдану алдында дәрігерге қаралу қажет. Өйткені кейбір ББҚ дәрімен қатар қолдануға жарамайды.

Алмаз Шарман,

медицина ғылымының профессоры

Massaget

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: