Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Блогер Zheka Fatbelly-дің тойында беташарға түскен ақша жұртты таңғалдырды

10.09.2023

373 0

Блогер Артур Асқарұлы досы Жеңіс Омаровтың тойында әріптестерінің беташарға қанша ақша салғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Артур Асқарұлы желідегі парақшасында бейнежазба жүктеді.

Тойға шақырылған қонақтар сандыққа ойланбастан қомақты сома салып жатты. Ашық тұрған кебежеге салынған ақшалай сыйлықтың мөлшері 5 мың – 1 миллион теңге аралығында. 

“Беташар – қалыңдықты күйеуінің туған-туыстарына таныстыру рәсімі, қазақтың салт– дәстүрі. Ал қазір тонау сияқты көрінеді”, – деп жазды жігіт жолдас.

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков 500 жүз мың теңге, Ұлықбек Шәріпов 1 миллион теңге, “Ирина Кайратовна” тобының мүшесі Алдияр Жапархан 5 мың теңге салды.

Досының қуанышты күнінде жомарттық танытқан жолдастары желі қолданушыларын таңғалдырды.

“минутта  пәтердің ақшасын шығарып алды”, “Осыларды беташарға шақырып, тойдың ақшасын жауып тастайды екенсің ғой”, “Жарайсыңдар, жігіттер. Жомарттық жақсы қасиет”, “Мынадан кейін Жеңіс келіншегінің бетін жасырмау керек”, “Беташарға бергені осындай болса, сыйлығы қандай болады?” – деп жазды желідегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: