Сурет: Pixabay
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізді аса қатты сынамаңыз: әркім қателесуге құқылы, бұл сізге де қатысты. Қарым-қатынаста барлық жауапкершілікті серіктесіңізге артпаңыз. Жағымды тосынсый дайындаңыз, араңыз суып кетпеуі үшін қолдан келгенді аямаңыз.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізде мақсатты жаттығуларға төзімділік болмаса, 10-қабаттан төмен тұратын болсаңыз, ең болмаса лифтсіз жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз. Бұл күнделікті шағын жаттығуды алмастырып, сізді әлдеқайда төзімді етеді. Бүгін жұмыс бойынша кездесулерді тоқтата тұрған дұрыс, жоспарлар мен тапсырмаларды талқылау өнімді болмайды.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Қарбалас күн болады. Сізге жоспарларды тез арада өзгерту қажет болады, себебі қарым-қатынаста өзгерістер басталады. Барлығын философиялық тұрғыдан қабылдап, өзгерістерге тез бейімделуге тырысыңыз. Ойламаған жерден қалаға экскурсияға шығыңыз: күнде бас сұғуға уақытыңыз болмай жүрген мұражайға барыңыз. Өзіңізге көптеген жағымды эмоция сыйлайсыз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өкпе-ренішті сақтамаңыз. Серігіңізге барлық өкпеңізді ашық айтып, еш ашу-ызасыз түсіндіріңіз. YouTube видеоларынан қысқа 10 минуттық йога сеанстарын жасап көріңіз, бұл сіздің моральдық көңіл-күйіңіз үшін жақсы болмақ.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін кішкентай кезіңізді еске алып, көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Сағынышыңыз туралы ата-анаңызға немесе жақындарыңызға айтыңыз. Мұндай сәттер ұмытылмайды. Өзіңіз үшін тамақтану күнделігін бастаңыз: осылайша жеке ас қорыту жүйеңізге теріс әсер ететін тағамдарды, жеке төзімсіздігіңіз бар тағамдарды бақылау оңайырақ болады.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бүгінгі күні өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз. Мақсаттарыңызға жету үшін барлығын жасаңыз және өзіңізден мүмкін емес нәрсені талап етпеңіз. Кішкене романтика қосыңыз: кешке сүйіктіңізбен әдемі жерде серуендеңіз, дәмді кешкі ас үстінде шын жүректен әңгімелесіңіз.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жоспарлы тексеруге уақыт бөліңіз, бұл денсаулыққа қатысты елеулі проблемаларды болдырмаудың алдын алады. Өміріңізде тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз әрі өзіңізге қуаныш сыйлауды ұмытпаңыз. Театрға, киноға, көрмеге барудың барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңыз бөлмесін таза ұстай алмаса, оларды ынталандыру үшін түрлі тәсілдер пайдаланыңыз. Егер сүйіктіңіз бар болса, онда ұрыс-керістің туындауын күтпей-ақ, жиналып қалған өкпе-ренішіңізді сабырмен, ашу-ызасыз жеткізіңіз.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сізде күш-қуат мол болады, соның арқасында сіз кез келген істі оңай атқарасыз, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Арқаңызға ауыртпалық түсірмеңіз, спорт тек таңертең пайдалы. Жақсы ұйықтау үшін жаяу жүруді ұмытпаңыз.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста мейірім танытыңыз және жомарттығыңызды көрсетіңіз, бұл арақатынасты жақсартады. Өткір заттарға абай болыңыз: кішігірім жарақат алу қаупі бар.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтына көшуге қолайлы күн. Достарға көңіл бөліңіз, қоңырау шалыңыз немесе хабарлама жазыңыз.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Мамандығыңыз бойынша қызықты онлайн немесе офлайн шараларды іздеңіз: бастығыңыз сіздің ондай шараларға қатысуыңызды мақұлдайды және сіз өзіңізге пайдалы нәрсе үйренесіз. Үй шаруасын кейінге қалдырмаңыз, кейін оларға уақытыңыз да, қалауыңыз да болмауы мүмкін.
Дереккөз: НҰР.КЗ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!